Қызылордада «Наурыз шапағаты» қайырымдылық керуені жолға шықты

Қызылордада «Наурыз шапағаты» қайырымдылық керуені жолға шықты. Олар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қапшықтарын жеткізеді.Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шара барысында 2 мыңнан астам отбасы қамтылмақ. Еріктілер күнделікті тұтынатын азық-түлік толы қоржындарды олардың үйлеріне дейін жеткізіп берді. Сол мақсатта 30 автокөлік жолға шықты. Шараның шарапатын көрген жандар жылы лебіздерін жеткізді. Мемлекет басшысы өз Жолдауларында халықтың әл-ауқатын арттыруға баса назар аударып келеді. Соның негізінде ұйымдастырылған «Наурыз шапағаты» қайырымдылық акциясының игілігін аудан тұрғындары да көреді. Азық-түлік себеттері әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы, мүмкіндігі шектеулі жандарға үлестіріледі. Оған облыс әкімі Нүрлыбек Нәлібаев қолдау білдіріп, аймақтың қайырымды азаматтары атсалысуда. Ғабит ЖАҢАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша, өздері үлкен мерекелердің қарсаңында, жаңа жылдың қарсаңында осындай акцияны ұйымдастырып. Бүгін өзіміздің төл мерекеміз Наурыз мерекесі қарсаңында осындай шараны ұйымдастырып жатырмыз. Кәсіпкерлер негізінен, мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметшілер үлес қосып жатыр.Мұндай шара аймақта алғаш өткізіліп тұрған жоқ. Былтыр да демеушілер есебінен 19 мың отбасыға құны 400 млн.теңгеден аса көмек көрсетілген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
Орталық төңірегіндегі тартыс
Қазақстан футзалдан Еуро-2026 іріктеу кезеңінде жеңіске жетті
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды