Ата-аналар академиясын дамытып, тентектік танытқан ұл-қыздарды ұлттық педагогика негізінде тезге салу керек. Оның тетіктерін жан-жақты дамытып, ұрпақ тәрбиесін қолға алу маңызды. Бұл туралы Қызылорда облысы Қазалы ауданында ұстаздар мен ата-аналар комитетінің өкілдері бас қосқан жиында айтылды.Жиында соңғы уақытта елді шулатқан жасөспірімдер арасындағы жаға жыртыстың белең алуы мәселесі талқыланды. Ғани Бейсенбаев бұл аймақтың ғана емес, ұлттың «бас ауруына» айналған мәселе екендігін жеткізді. Ғани БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: Альфа, зет, бет ұрпақтары деп жатырмыз. Олармен тіл табысуда, 70-80-90 жылы туылған азаматтардың бала тәрбиесіндегі тәлім-тәжірибесі жеткіліксіз болып жатыр. Үнемі конфликт туындайды, түсіне алмайды бір-бірін. Ендеше, бала тәрбиесіне жаңаша көзқарас керек. Кәмелетке толмағандардың топтық төбелесін қалайда тоқтату керек деді облыс әкімі. Полицейлерге ол үшін кешенді бағдарлама жасауды тапсырды. Және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру да назарда. Бұл орайда аймақта биыл 10 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Соның алғашқысы Үрмаш Түктібаев ауылында ашылды. Заманауи спорт кешені 200 балаға арналған. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Спорт кешенінің ашылуымен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Ауылда осындай қуаныштар көп болсын. Былтыр Қазалы ауданының дамуына 29 млд теңгеден астам қаражат бөлінсе, биыл 30 млрд теңгенің үстінде қаражат бөлінуде. Оқу-ағарту министрі одан әрі Қармақшы және Жалағаш аудандарында болды. Ұстаздармен тілдесіп, білім нысандарының жай-күйімен танысты.