Қызылордада өзеннен жасөспірімнің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Оқыс оқиға 14 мамыр күні болған. Жергілікті уақытпен сағат 13:23-те облыстық төтенше жағдайлар департаментіне оқиға туралы қоңырау келіп түскен. “Қызылорда қаласындағы Мерей шағын ауданы маңындағы Сырдария өзеніне жасөспірім суға түсуге жабдықталмаған орында суға шомылу салдарынан суға батып, қайғылы оқиға орын алған. 2009 жылы туған жасөспірімнің денесін сүңгуірлер судан алып шықты”, – делінген хабарламада.Департаменттің мәліметінше, өткен жылы қала көлемінде 12 адам суға батып қаза болса, оның тең жартысы балалар.