Қызылордада тағы мектеп оқушысы жарақаттанды. Қаладағы екі білім ошағының балалары бір бірімен ерегісіп, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан бір жеткіншек жараланып, ауруханаға жеткізілді.ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ: Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің «бұзақылық», яғни 293-бабы бойынша Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.