Қызылордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қарқынды жұмыстар жүруде

Қызылордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қарқынды жұмыстар жасалуда. Соның негізінде ағаш отырғызудан өзге, ауыл-аймақтар мен су жүйелерін, мәдени ескерткіштердің маңайын тазалау көзделген. Жұмыстың жүйелілігі үшін арнайы апталықтар жарияланған. Экологиялық акция аясында «Жасыл аймақ» апталығы жарияланды. Соған сай аудандар мен облыс орталығында бірнеше мыңдаған түп ағаш отырғызылуда. Бастамаға жас отбасылар да үлес қосып жатыр. Арасында жаңадан шаңырақ көтергендер де бар. «Жасыл желекпен бірге тамырымызды тереңге жаяйық» деген олар, бұны жақсы ырымға балауда. Бексұлтан ТҰРСЫН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Әйеліміз екеуміз кішкентайда болса тал егіп, Қызылордамызға, Сыр елімізге өзіміздің үлесімізді қосып, көгалдандыруға. Және атадан мал қалғанша тал қалсын демекші еліміздің көркебіне, көгалдандыруымызға өзіміздің кішкентайда болса үлесімізді қосқымыз келіп отыр. Жақында ғана отбасы орталығында некемізді қиған болатынбыз. Бүгін жас жұбайлар ретінде қаламыздың көркеюіне үлесімізді қосып, ағаш отырғыздық. Акциядан ақ халаттылар да қалыс қалған жоқ. Көктем шығысымен олар облыстық көпбейінді аурухана ауласына 600 түпке жуық тал еккен. 300 алма ағашы бар. Келешекте, оны үлкен баққа айналдыруды көздеп отыр. Гүлсім БЕРЖАППАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз тек қана адам денсаулығының арашашысы емес, сонымен қоса таза ауа экологиялық жақсы тазалықты қолдай отырып, экологияның жақсыруы адам денсаулығына қосатын үлкен үлесі деп есептеп, ауламызды тазалауға ұлес қосып отырамыз. Аймақта ауқымды науқан аясында атқарылып жатқан жұмыс жүйелі жүргізілуде. Жорабек НҰРЫМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: Акцияның негізгі мақсаты біздің қоршаған ортаны тазалау, сосын азаматтардың жауапкершілігін нығайту. Ең негізгізі экологиялық жағдайға әр азаматтың өзінің күш-жігерін салу.Акция әлі 2 аптаға жалғасады. Алдағы уақытта барлық су жүйелері қоқыстан тазартылып, каналдарды ашу жоспарда бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Балабақшаларды қаржыландыру жүйесі өзгерді
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Екі халықаралық есірткі арнасы жойылды
2050 жылға қарай Қазақстанда қала халқының үлесі 70 пайызды құрайды
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасады
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасы
Ақтау әуежайында ұшақ апатына дейін және кейін не болғаны белгілі болды
TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығады
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Әзербайжан ұшақ апатынан зардап шеккендерге қанша өтемақы төлейді
Актауда ұшақ апатынан зардап шекккен Әзербайжан азаматтарын шығарып салды
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Қазақстанда кедейлік шегі өзгерді
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
«Жастарға жұмыс»: 46 адам мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасты
Алматы қаласы маңында жер сілкінді
Есірткі бизнесінде қолданылатын химиялық заттарды бақылау үшін Таргетинг-орталығы құрылады
Алматы маңында жер сілкінді
СҚО-да 46 жас маман "Жастарға жұмыс" жобасы арқылы жұмысқа тұрды
Қасіретті қаңтар оқиғасының астарын ашқан кітап
Жүргізушілерге 6 өңірде ескерту жасалды
Жұма күнге арналған валюта бағамы
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін табылған қара жәшік қашан ашылады