Қызылордада тынығып жатқан балаларға берілетін ас-ауқат ескі әжетханада сақталған

Қызылордада тынығып жатқан балаларға берілетін ас-ауқат ескі әжетханада сақталған. Бұл кемшілікті прокурорлар Шиелі ауданындағы «Сыр ұланы» лагерін тексеру барысында анықтады. Кезінде әжетхана болған бөлме бүгінде шағын қоймаға айналған. Ал Қазалы ауданындағы «Шағала» лагерінде балалар лас суға шомылып, санитарлық талаптарға сай келмейтін асханада тамақтанған. Сырдария ауданында орналасқан «Жалын» демалыс орынының тынығушылары да лас төсек-жабдықтарын пайдаланып келген. Әділ ЕСҚАРАЕВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:  Жекелеген лагерлердің жағдайы нашар. Қазіргі уақытта уәкілетті органдардың қорытындылары күтілуде. Олардың қорытындыларымен тиісті шаралар қабылданатын болады. Қостанай облысындағы жазғы демалыс орындарында жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдері анықталды. Лагерь аумағында жарақат алу қаупі жоғары жерлер бар. Ал шайындыларды зерттеу нәтижесі ішек таяқшасы тобының бактериялары болғанын көрсетіпті. Тіпті лагерьдің біріндегі әкімшілік бөлмесінен спирттік ішімдіктер табылған. Тіпті лагерь ғимаратында сауна болған. Нұрсұлтан САТЫБАЛДИН, ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: Аудандық білім бөлімі басшысының айтуынша 6-7 тамыз күні саунаны бұзу жұмыстары басталған. Балалар тамақтанатын орын мен сауна бір ғимаратта орналасқан. Тексеріс барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша прокуратура тиісті шара қолданады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жеке сектордағы жаңа инженерлік желілер
Бетербиевпен қарымта айқас алдында Биволға жағымсыз хабар айтылды
Тоқаев метапневмовирус туралы айтты
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты ахуалды түсіндірді
2024 жылы елімізде 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды
Алдағы үш күнде елімізде 25 градусқа дейін аяз болады
Еуропа елдерінде тұмау өршіп тұр
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полиция қызметкерін жарақаттаған
«Үйдегі төртінші ұл»: Алматыда алып сәби дүниеге келді
АМӨЗ зауыт үстіндегі “қара бұлтқа“ қатысты түсінік берді
Сауда биржасында доллар бағамы өсті
Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарымен танысты
Алматыда Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған көрме ашылды
Өлі-тірісіне қарамай қайтарамыз - ХАМАС Израильмен келісімге келген жағдайда тұтқындары босатпақ
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты