Қызылордада үздік білім ордасына 34 млн. теңге табысталды

Қызылордада үздік білім ордасына 34 миллион теңге табысталды. Қаладағы Әли Мүслімұлы атындағы 101 мектеп-лицейі «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауынан оза шапты. Мерекеде облыс ұстаздары құрмет төрінен көрінді. №4 облыстық мектеп-интернатының мұғалімі Әсемгүл Жақсылықова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағымен марапатталды. Ал ардагер ұстаз Әлима Әбдіқалықова Қызылорда облысының құрметті азаматы атанды. Ол 50 жылдан бері ұстаздық жолда адал еңбек етті. Әлима ӘБДІҚАЛЫҚОВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ: Бүгінгі ұстаздар күні ерекше статуста. Өйткені халықаралық ұстаздар күні болып аталып жатқаны. Әрине бұл статус мұғалімдерді халықаралық дәрежеде жұмыс істеуіне ынталандырады. Салтанатты жиында шалғай ауылдардан келген көптеген ұстаздарға арнайы алғыс хаттар мен дипломдар табыс етілді. Сондай-ақ, облыстық байқау жеңімпазы атанған білім ордасына 34 миллион теңге берілді. Айгүл ӨТКЕЛБАЕВА, Ә.МҮСЛІМҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №101 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Алдағы уақытта материалдық-техникалық базаны жақсартамыз. Бикробиологияға көп көңіл бөлеміз деп отырмыз біз биылғы жылы. Сонымен қатар ІТ саласына, робототехникаға біз жабдықтар аламыз деп отырмыз. Аймақтың білім саласында соңғы жылдары қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бір жыл ішінде салаға 245 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірімізде құны 100 млрд теңгені құрайтын 12 300 орынға арналған 21 мектеп салынуда. «Білімді қолдау қоры» есебінен 7,9 млрд теңгеге физика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысы қарқынды жүргізілуде. Салтанатты кеш жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Димаш Құдайбергеннің шоуы Лондонда өтеді
Костенко шахтасындағы жарылыс: басшылық қарапайым қауіпсіздікті сақтамай келген бе
Қазақстандық сұлу боксшы сегіз дүркін чемпионды сабады
Алматы қаласы мәслихаты шешімін мемлекеттік тіркеу туралы АҚПАРАТ  
Ленин кинотеатры Қарағанды облысының Жастар үйіне беріледі
Егескен екеу ел бола ма?.. Зеленский Путиннің пайымына түсініктеме берді
Астана мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алматыға 1,7 млн турист келді
Қарағандыда шалбарын шешіп, оқушыларды аңдып жүрген адам психикалық орталыққа тапсырылды
"Алтынбек - ұры жүйенің идеологы болған адам" - Серік Әбдіраханов
«Неге туып алмайсың?»: Айнұр Тұрсынбаева орынсыз сұрақ қоятындарға ренішін білдірді
Тірі кезінде бағалаңыздар! – Нұрлан имам
«Менің қуанышым»: Жансая Әбдімәлік күйеуіне сезімін білдірді
Қостанайда қарлы тосқауылдан 15 адам құтқарылды
Костенко шахтасындағы жарылыс: басшылық қарапайым қауіпсіздікті сақтамай келген бе
Алматыда танысу сайттары арқылы тақырға отырғызатын күдіктілер ұсталды
Әнші Дастан Оразбеков әйелімен бірге кезекті рет клип түсірді (ВИДЕО)
Қостанай облысында 174 ауыр жүк көлігі жолда тұрып қалды
943,6 мың гектар - Қазақстан Ресейге жалға берген Капустин Яр полигонының жерін қайтара алмай отыр
Тағы да нокаут: Назым Қызайбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті
«ЛГБТ жасөспірімдерге оң әсер етуде»: Қоғам белсендісі министрліктің есебіне наразылық білдірді
Астанада оқушы қыздың қазасынан кейін жүк көліктеріне бақылау күшейді
«Тұрсынның арқасы»: Дана Нұржігіт танымал продюсердің өмір жолынан сыр шертті
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жаңа оқу-жаттығу орталығы: Қорғаныс министрі құрылыс барысын тексерді