Қызылордалық 5 жастағы Аяулым тісін жұлдырамын деп мүгедек болып қалды

Қызылордалық 5 жастағы Аяулым тісін жұлдырамын деп мүгедек болып қалды. Анасының айтуынша былтыр қыркүйекте мемлекеттік тіс емханасына қызының тісі ауырған соң алып барған. Дантист жұлып, үйіне қайтарыпты. Бірақ ісіну мен ауырсыну үдей түсті дейді анасы. Артынша, арнайы мамандар Аяулымның жағы іріңдеп, шіріп жатқанын айтқан. Мөлдір Тоқтасынқызы мәселені зерделеді. Аяулымның тісін жұлдырғанына бір жыл өтсе де зардабын әлі тартып отыр. Себебі ірің жағына дейін жайылып, 8 айда 3 ота жасатқан. Алғашқы операция Қызылордада жасалғанымен нәтиже болмапты. Анасы сондықтан Алматыға алып баруға мәжбүр болдым дейді. Ал ондағылар кішкентай қыздың жағы шіріп жатқандықтан, құлақ түбіндегі негізгі бөлігін кесіп алып тастауға тура келген. Енді жақ сүйектің қайта өсетініне кепіл жоқ депті мамандар. Гауһар ЕРМАҒАНБЕТОВА, АЯУЛЫМНЫҢ АНАСЫ: Мына жері жоқ қой қазір. Бұл жер өсу өспеуі белгісіз болып тұр. Өспеу қалған жағдайда операциямен теңестіреміз деді. Негізі дұрыс анализ жинамаған. Зерттеу жүргізбеген. Солай тісін жұлған. Тісін жұлғаннан кейін осындай асқыну болып отыр. Негізі бұндай диагнозбен барғанда, стамотолог врач, ортодонттар или хирургтар жұмыс жасау керек екен. Ал менің қызыма орта білімді дантист қызмет көрсеткен. Медициналық және формацевтикалық бақылау комитеті аталмыш жағдайға байланысты тиісті диагностикалық тексеріс толыққанды жүргізілмеген деген қорытынды шығарған. Тіпті баланың тісін дантист жұлуға болмайтынын айтқан. Ал ақ халаттылар өздеріне шаң жуытпай отыр. Гүлзира САДЫҚОВА, ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сол кезде қолданыста жүрген стандарт бойынша 10/53 пантеисттің құқығы бар болатын. Шұғыл түрде көмек көрсететін зубной врач деген болады. Сол тараппен көрсетілген. Ал осы жылы ақпан айында шыққан стандартта ол қызмет түрі алынып тастаған. Егерде тағы да тістері ауырып жатқан болса, жағдайы нашарлап жатқан кезде әрдайым көмегімізді көрсетуге дайынбыз. Қазір Аяулым үйінде ерекше күтіммен отыр. Тіпті мектеп алды даярлық тобына да бара алмай қалды. Ал анасы кінәлілердің жазасыз қалғанына ызалы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
Қазақстан Азия чемпионатында қанша пайда тапқаны белгілі болды 
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады