Қызылордалық 9 жасар Әбу аттың құлағында ойнайды. Ол болашақта атбегі боламын дейді. Қазірдің өзінде жылқының жайын жақсы біледі. Түрлі бәйгелерге қатысып, жүлделі орындарды бермей жүр.Әбу -ұлдың кенжесі. Кішкентайынан ерек ол 5 жасынан бастап атқа отырған. Жүректі жігіт ауылдағы талай асау тайды бас білдіріп жүр. Бәйге десе делебесі қозатын Әбу биыл тұңғыш рет өзінің жылқысын жарысқа қоспақ. Сондықтан сабақтан келе сала Қаракөзінің бабын жасауға кіріседі.Әбу МЕЙІРБЕКҰЛЫ, АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Шабамын, жемін беремін, шөбін беремін. Атыммен сырсамамын. Не істеп жүргенін көремін күнде. Үстін тазалаймын. Болащақта атсейіс болғым келеді. Бәйгеге шапқм келеді. Қасымда достарым бар соларға үйретемін. Сабақтан келген соң күнде атқа мінемін. Сосын күнде ат жаратамын. Әбудің жылқыға жақындығын әкесі аңғарған. Содан соң қасына ертіп жүріп, бәйгені тамашалауға жиі апарады екен. Бұл өнерге ерекше ынтасы ауған бала кейін өзі де атқа отырып, жарыстарда топ жарған. Қазір әкесінің қолқанаты әрі ауылдастарының мақтанышына айналды. Мейірбек АКИЕВ, ӘБУДІҢ ӘКЕСІ: Кішкентайынан баламыз атқа мінеді. Бәйгеге шауып жүр қазір. Мал айдасады, мал бағады, қойдың кезегін бағады ауылда. Осыған арнап өзіне тай алып бергенбіз. Асауға мінеді, тайларды. Біз айтпасақта өздері міне береді тайларды. Көрші-көлем, ауылдағылар баланы көріп сұранысқа ие болып, қазір мынандай жеңіл балалар жоқ қой. 9 жастағы жеткіншек болашақта аттың құлағында ойнайтын шабандоз болуды армандайды. Шауып келе жатып жасалатын әдіс-тәсілдерді шебер меңгеріп, киноға түссем деген жоспарын да жасырмады. Ал әзірге Қаракөзімен бірге талайды шаң қаптырып, бәйгеден бірінші келу үшін тер тө