Қызылордалық бірнеше кәсіпкер миллиондаған айыппұл арқалады

Қызылордалық бірнеше кәсіпкер миллиондаған айыппұл арқалады. Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, салық органдары 7 кәсіпкерге 82 млн теңгеден аса айыппұл салған. Палатадағылар бұл тізімнің әлі де өсетіндігін айтуда. Енді сауда жасап, күнелтіп отырған шағын кәсіп иелері шарасыз күйде отыр. Кірістер департаменті олардың айналым қаражаты оңтайландырылған салықтың шектік сомасынан асып кеткен дейді. Яғни сауда айналымы 20 мың айлықтық есептік көрсеткіштен жоғары болып тұр. Заң бойынша, бұл жағдайда жауапты департаментке 10 күн ішінде өтініш қалдыруы керек.Кеңескүл СТАМБЕКОВА, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Көптеген салық төлеушілер қосылған құн салығына мерзімінде тіркелмеген. Өтінішті кеш берген жағдайда мерзімінде қосылған құн салығын тіркеу есебіне қойылмаған деп ҚР ӘҚБК 269-бабына байланысты 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Кәсіпкерлердің көпшілігі айналымдағы қаржының банктердегі сервистік қызметтер есебінен еселеніп кеткендігін айтуда. Яғни, сауда жасаудан бөлек, келесі бір адамға қолма-қол қаржы шешіп берумен айналысқан. Ал шектік сомманың барынан олар хабарсыз болған көрінеді. Жауапты департаменттегілер болса, салықшылардың жеке кабинеттеріне, ескерту хабарламан жіберілгенін айтады. Кәсіпкерлік палатасындағылар жағдай бұлай ушыға берсе, шағын кәсіп иелері құрдымға кетеді деп дабыл қағуда. Сондықтан заңға өзгеріс енгізу керек дейді. Пірмұхамед СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Шұғыл түрде қарап, осы заңға қайтадан өзгеріс енгізу керек. Тағы бір айта кететін мәселе, бұл қарау емес, уақытша тоқтату керек. Қазір қайта-қайта кіріс департаментіне шақырып бұларға қолына қағаз ұстатып жатыр ғой, айыппұл төле деп. Болмаған жағдайда бұлардың шоттарын бұғаттап жатыр. Бұлар сол арқылы күн отыр отырған кәсіпкер болғаннан кейін, отбасын асырап отырғаннан кейін бұл қиын жағдай.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ерлан Қошанов Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен кездесті
Футболдан 2030 жылғы әлем чемпионаты бірден үш құрлықтан өтеді
«Олимпиадаға апарамады» : Бақыт Сәрсекбаев қазақ болғаны үшін өзбектерден қысым көрген
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді
“Астана“ - “Челси“ матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Конференция лигасы: “Астана“ “Челсиге“ есе жіберді
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Футбол: "Астана" Челсиден жеңіліс тапты
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 500-ден астам түркістандық отбасы баспаналы болды
Футбол: "Астана" "Челси"-ге есе жіберді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматы орталық стадионының басқарушысы қызметінен шеттетілді
Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды
Қошанов: Президент – ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісі: 12 желтоқсан 2024, 22:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Атырауда су тасқынына дайындық қалай