Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны, көпбалалы ана қамысты кәдеге жаратып, табыс тауып отыр. Айтуынша, оған шетелдіктердің қызығушылығы ерекше. Бұрын соңды естімеген кәсіпті қолға алған Венера Тайлақбаева ауыл тұрғындарын да жұмыспен қамтып отыр. "Жастардың еңбекке құлшынысын арттыруымыз керек" дейді ол. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ұлттық құрылтайда айтқан болатын. "Біз құрып жатқан жаңа қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек деген ұғымды жастарымызға түсіндіру қажет. Себебі отаншылдық дегеніміз, ең алдымен, іскерлік, еңбекқорлық", – деді Мемлекет басшысы.Венера Тайлақбаева 10 құрсақ тәрбиелеп отыр. Бұрын жолдасы екеуі теміржол саласында жұмыс істеген. Ал тың бизнесті пандемия кезінде қолға алған. Интернет арқылы мәліметтер алып, Германияда қамысқа сұраныстың жоғары екендігін білген. Тіпті құны алтынмен пара пар дейді. Венера ТАЙЛАҚБАЕВА, КӘСІПКЕР: Немістердің айтуы бойынша, бұл қамыспен үйдің төбесін жапқан басқа проф лист, черепицаға қарағанда адам жасын 20 жылға ұзартады деп сөйтіп бағалайды өздері. Бұны көбінесе барлық шетел азаматтар үйінің төбесін жаба алмайды. Қол жетімді емес, қымбат бұның жұмысы. Сондықтан бұнымен байлар ғана үйінің төбесін жабады шетелде. Өзге мемлекеттермен салыстырғанда Сырдың қамысы өте сапалы дейді кәсіпкер. Сондықтан бүгінде Германиядан ғана емес, Дания, Франция, Италия, Ангиядан сұраныс жоғары. Оны әзірлеп жіберу де оңай шаруа емес. Шөптің ұзындығы 1,5 метрден кем болмауы шарт. Ал мұнда тер төгіп жүрген 15-ке жуық жұмысшы күніне 100-150 бау қамыс әзірлейді. Көбейсін БАЛЫМБЕТОВ, ЖҰМЫСШЫ: Еңбекақыңды аласың адал. Баяғыда сыртқа кететін едік. Қазір ауылдың інішде рахат мына жұмыс. Өзімізбен-өзіміз ешкім мазаламайды. Қазір баулау жұмысы, ертең бұның да сезоны бітеді. Қамыс шабу сезоны басталады. Ондада көмектесеміз. Ондада еңбекақымызды аламыз. Қазалы ауданында қамысты алқап көп. Кәсіпкер әкімдіктен соның 2 мың гектарын жалға беруді сұраған. Егер жоспары жүзеге асса, шетелдік технологияны өзі жүзеге асыруға ниетті.