Қызылордалық оқушылар «Айбын» әскери патриоттық жастар сайысында бақ сынады

Қызылордалық оқушылар «Айбын» әскери патриоттық жастар сайысында бақ сынады. Оған аймақтағы барлық аудандар мен Байқоңыр қаласынан 9 команда қатысты. Жасөспірімдер алғашқы әскери дайындық негіздері бойынша сынға түсті. Бұл балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеп, жігерлендіреді дейді ұйымдастырушылар.«Айбын» әскери патриоттық жастар сайысы биыл 9 рет өткізіліп отыр. Онда 14 пен 18 жас аралығындағы оқушылар бақ сынасуда. Ал қызылордалық Аяжан дәстүрлі сайысқа үшінші рет қатысып отыр. Аяжан СҮГІРБАЕВА, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Біз дайындықта мысалы достықты үйренеміз, бірлесіп жұмыс істеуді үйренеміз. Патриоттық сезімге үйренеміз. Былай айтқанды біраз нәрсе білуге болады осы сайыс арқылы. Оқушылар автоматты шашу, қайта жинау, арқан тарту, тир ату секілді бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Мұндай жарыстар балалардың әскери өмірге қызығушылығын арттырады дейді ұйымдастырушылар. Ғалымжан КАМАЛОВ, «САМҒАУ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Балаларға әскери дайындыққа, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұл әскери қолданбалы спорт түріне жатады және балалардың патриоттық сезімін арттыру. Отан қорғауға баулу. Ұйымдастырғалы бірнеше ондаған балалар әскери бөлімдерге оқуға түсті, әскерге барып келді. Шара облыс әкімдігінің қолдауымен өткізілуде. Оған бюджеттен 6 млн теңгеге жуық қаржы қаралған. Жеңімпаздар республикалық сайыста облыс намысын қорғамақ. Алмасбек ЕСМАХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Байқауының жеңімпаздары Қарағанды облысында өтетін Спаск қаласындағы республикалық «Айбын» әскери патриоттық жарысына қатысатын болады. Жалпы соңғы кезде біздің аймағымыздың жастары жақсы, өздерінің әскери бағытта жақсы өнерлерін көрсетіп келе жатыр. Бұған дейін жарыстың республикалық кезеңінде аймақтың оқушылары құр алақан қайтпаған. Жеке номинациялар бойынша марапатталып, жақсы нәтижеге қол жеткізген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Коньки немесе шаңғы тебу арқылы қанша калория жағуға болады?
Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
Депутаттар Қостанай облысының кәсіпкерлерімен тауардың шығу тегі туралы жаңа заң жобасын талқылады
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
БҚО-да ТЖМ қызметкерлері газ жарылысының алдын алды
Президент қол қойған заң «Қазақфильмге» қалай әсер етпек
Астанада вандализм деректері анықталды
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Ауыл мектептерінен 1 мыңға жуық оқушы зияткерлік байқауларға қатысуға дайындалып жатыр
Енді киноға бөлінетін қаржының 30%-ы «Қазақфильмге» бағытталады – Аида Балаева
Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды