Қызылордада ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары бүгін сабақты онлайн оқиды. Қалалық білім бөлімі 3 ақпанда мектеп оқушылары қашықтықтан оқитыны туралы кеше хабарлама таратты. "Қалада ауа райының қолайсыздығы байқалып отыр. Осыған байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарындағы 0-11 сынып оқушылары 3 ақпанда қашықтықтан оқытылатынын хабарлаймыз. "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қызылорда облысы бойынша филиалының ұсынған дерегіне сүйенсек, Қызылорда қаласында күн бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) болады" делінген ресми хабарламада.