Қызылордалық тұрғындар аяқ киімге таласты

Қызылорда қаласында спорттық аяқ киімдер дүкенінде барлық зат жеңілдікпен жаппай сатылымға шығуына байланысты халық қысылысып, дүрбелең туындаған. Оқиғаға байланысты кәсіпкер кешірім сұрады.Оқиға 25 қаңтарда Қызылорда қаласындағы "Қорқыт" сауда үйінде болған. Сауда үйінде бутиікі жалға алып отырған спорттық аяқ киімдер сататын жеке кәсіпкер 23 қаңтарда әлеуметтік желіде барлық аяқ киімді 1000 теңгеден жаппай сатылымға шығаратындығы туралы хабарлама таратқан. "Жеңілдік ұйымдастырылған күні халық шектен тыс көп жиналуына байланысты келеңсіз жағдай болды. Дүкен иесі сағат 10:30-да жабуға мәжбүр болған. Осы жағдайға байланысты кәсіпкер халық алдында кешірім сұрады. Бұл жағдай халық арасында дүрбелең туындатқаннан кейін кәсіпкер аяқ киімдерді мұқтаж адамдарға таратып, қарттар үйіне берді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерге ескерту түрінде шара қолданылды. Қазіргі таңда "Қорқыт" сауда үйінде жағдай тұрақталды. Жаппай сатылым барысында адам қауіпсіздігін сақтау керектігі туралы сауда нысандарында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Олимпиадалық іріктеу: Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
Қазақстан Азия чемпионатында қанша пайда тапқаны белгілі болды 
Орталық төңірегіндегі тартыс
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты