Қызылордалық ұстаз Айгүл Мұсабаева тарих пәнін ерекше тартымды әрі қызықты етіп өткізеді. Оқушылар оның сабағын асыға күтеді. Өткен тақырыптардан сұрақтар әзірлейді, барлығы жарысып жауап береді. Тіпті директордың сабағына жас мамандар қатысып, тәжірибелерін толыстыруда. Ерекше әдіспен өтетін сабаққа өңірдегі әріптесім Мөлдір Тоқтасынқызы қатысты. Тасқа жазылған тарихты оқушылардың санасына сіңіру оның парызы. Мектептің басшысы болса да міндетін мүлтіксіз атқарады. Әрбір балаға жіті түсіндіреді, тақырыптан қалып қоймауын қадағалайды. Сабақты ерекше әдіспен өткізеді. Осылайша, оқушылардың ынтасын оятып, білім нәрімен сусындатады. Алпыс жылдық тарихы бар №140 Абылайхан атындағы орта мектепті басқарып отырған директордың әрбір жиыны осындай еркін форматта өтеді. Басшымен деп мінез көрсеткен емес. Барлық әріптестері тәжірибе алмаса да, кем-кетіктерін түзейді. Білім ордасында 1300 оқу оқиды, 100-ден астам ұстаз еңбек етеді. Айгүл МҰСАБАЕВА, №140 АБЫЛАЙХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕП: Толыққанды мектеп интернет желісімен қамтылған. Барлық кабинетте сэнд понелдер, цифрлы форматта оқытылатын бүкіл әдеби кітаптар, осының барлығы бізде толық қамтылып тұр. Педогогикалық дизайн мектебі халықаралық деңгейде ашылып тұр. Қалала мектептерінің ұстаздарын яғни, әртүрлі әдіс-тәсілдерге үйрете отырып, әдістемелік көмек беріледі және тәжірибе алаңдарын ұйымдастырып тұрады. Педагогтар: Аталмыш мектепте ерекше білімді қажет ететін 40-қа жуық оқушы бар. Оның 23-і білім ордасына келіп оқиды. Оларды дамытып, ортаға бейімдеу үшін жан-жақты жұмыстар жасалуда. Арнайы кабинет те жасақталған. Қарлығаш СЕЙІТЖАППАРОВА, №140 АБЫЛАЙХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ АРНАЙЫ ПЕДАГОГ МАМАНЫ: Бірге балалармен білім алады. Бірге балалармен іс-шараларға қатысады. Оның ішінде біз «Қамқор аға», «Қамқор әпке» жобасы, «Қоғамға қызмет емін деген» жобалар аясында жұмыс жасаймыз. Балаларды психологиялық-педогокалық қолдау ғой. Яғни балаларға жеңілдетіп тапсырма беру. Балаларды өз деңгейінде бағалау. Педагогтардың біліктілігін арттырып, арнайы курстардан өтеді. Тіпті халықаралық деңгейде шеберлік сабақтарын ұйымдастырады. Жыл сайын жалақылары өсіп, мәртебелері артқан ұстаздар жаңалық енгізуден жарысып келеді. Білім ошағында балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, шығармашылық және интеллектуалдық тұрғыдан дамытуға көңіл бөлінген. Аружан ТАСБОЛАТ, ОҚУШЫ: Біздің мектепте түрлі бағыттар бойынша дамулар жүріп жатыр. оған үлгі ретінде мен сізге біздің мектебіміздегі 7 ғылыми кіші мектепті айта аламын. Түрлі ғылыми орталықтар арқылы біз өзімізді еркін ұстап, түрлі зерттеулер жүргізе аламыз. Бізде талантты оқушылар өте көп. «Кітапқа құштар мектеп» жобасы да жүйелі жолға қойылған. Оқушылар оқыған шығармаларын өзара талдап, театрландырылған көрініс те қояды. Ал балаларды еңбекке баулып, ғылымға қызығушылығын арттыру мақсатында жылыжай егу қолға алынған. Ал балалар қауіпсіздігі басты орынға қойылған.