"Қызылсайда" арқарлардың төлдеу кезеңі басталды

"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне тиесілі аумақта арқарлардың төлдеу кезені басталды, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz. Наурыз айының соңынан бері "Манашы", "Тасорпа" мемлекеттік табиғи қаумалдарының басшылары ерекше қорғалатын аумақтарға дала аңдарының көктемгі жай-күйін бақылауға алған. Осы мақсатта арнайы фототұзақтар орнатып, айналаға рейдтік іс-шара жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне тиесілі 4 қаумалда мекен ететін арқарлар саны мыңнан асып жығылған. Табиғи өсім бойынша түз жануарлары наурыздың соңынан мамыр айына дейін төлдейді. "Көктем мезгілінің орта тұсы арқарлардың төлдейтін уақыты. Сондықтан жануарлардың тыныштығы үшін барлық тиісті жұмыстарды біздің парктің инспекторлары атқарып жатыр. Тәулік бойы кезекшілікпен аумақта мотоцикл мен көліктердің жүруіне, дрон ұшыруға тыйым салынған. Сондай-ақ, аңшылардың мылтық атуына тосқауыл қойылған. Бақылау жұмыстарын фототұзақпен атқарып отырмыз. "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне 4 қаумал, 1 парк кіреді. Осы орайда біз "Адамтас" қаумалына ғана фототұзақ құрған жоқпыз. Себебі, теңіз жағасы болғандықтан мұнда тек құстар ғана бар. Қалған 3 қаумал мен 1 паркте арқарлардың төлдеуі тұрақты бақыланып отыр. Олардың нақты саны сәуір айының соңында белгілі болады", - деді парк директоры Мыңберген Қаратауов. Былтырғы санақ кезінде түрлі қолайсыздықтарға қарамастан 1059 арқар басы анықталған. Ал биылдан бастап олардың саны едәуір көбейгелі отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Юлия Путинцева Аустралиядағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастады
Арзан бағада тур аламыз деген астаналықтар алаяққа алданып қалған
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Мәжіліс депутаты Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық барысымен танысты
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Гүлмира Сатыбалды апелляциялық шағым түсірді: сот не шешті?
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің кінәсі барын тағы айтты
Жас кәсіпкер қымыздан жасайтын балмұздағының сырын ашты
Мемлекет басшысы электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты