Қызылшамен ауырғандардың 70% – вакцина алмаған балалар

Жыл басынан бері 8 айда Қазақстанда 3 мыңнан астам адам қызылшамен ауырды. Науқастардың 70% астамы – вакциналанбаған балалар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Әзірге еш мектеп карантинге жабылған жоқ. Жыл басынан бері 8 айда 3 мыңнан астам адам қызылшамен ауырды. Бұл негізінен балалар, әсіресе науқастардың 70%-дан астамы – вакциналанбаған балалар. Қызылша біздің елге шетелден келгенін айттым. Кейбір көрші елдерде, Еуропа елдерінде ауру ошақтары болды. Қазір иммунитеті жоқ вакцина алмаған адамдар ауыруда. Пандемияға дейінгі жылы 13 мыңға жуық адам ауырған. Сондықтан қандай да бір мектептерді жабу үшін карантиндік шараларды қабылдауға негіз жоқ екенін көріп отырмыз», - деді Денсаулық сақтау министрі Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, науқаспен байланыста болған адамдар вакцина алады, ауру ошақтарында оқшаулау, қызметкерлерді оқыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Бұл жұмыс жүйелі түрде жүріп жатыр. Қазіргі уақытта вакциналар жеткілікті және жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде», - деп толықтырды Ажар Ғиният.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Үржарда 22 жастағы жігітті 21 жерден пышақтаған тұрғынға сот үкімі шықты
Черчесов Қазақстан құрамасынан кетуі керек пе? Магомед Адиев пікірін айтты
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты
Әуежай мен вокзалдарда заң бұзған 1200-ден астам жауапқа тартылды
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты
Әскери жүк тасымалдауға арналған арнайы вагон таныстырылды
Астана-Бурабай бағытындағы туристік пойызы 574 жолаушыға арналған
Әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа министрлік медаль берді
Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Астанада екі жасар сәби петерде қамалып қалған
Қазақстанда полицейлер күшейтілген режимге ауыстырылды