Лас вагонға шағымданған жолаушы моральдық шығын өндіріп алды

Ақтөбелік әйел лас вагон үшін моральдық шығын өндіріп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі "Жүк Тасымалы" АҚ-нан жолаушылар пайдасына материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық істі қарады. Былтырғы жылдың тамыз айында азамат К. өзінің кәмелетке толмаған қызымен бірге "Атырау-Ақтөбе" бағыты бойынша пойызға теміржол билеттерін сатып алған. Вагонға отырғаннан кейін жолаушылар вагонның антисанитарлық жағдайда екені: лас, шаң, жуынуға арналған крандардан лас су ағып жатқанын анықтаған. Орындарды ауыстыру немесе басқа вагонға орналасу туралы өтінішке вагон бригадиры бас тартқан. Талап қоюшы полиция қызметкерлерін шақырды, олар вагондағы санитарлық бұзушылықтардың фото видеожазбаларын алып кеткен. Талап қоюшы өзінің және кәмелетке толмаған қызы лас сумен жуынуына және пайдалануына, лас вагонда ұйықтауына тура келгенін, олардың денсаулықтарына қауіп төнгенін көрсете келе, соттан билет құнын қайтаруды және моральдық залалды өндіруді сұрады. Антисанитарлық жағдайлардың фактісі азаматтық іс материалдарымен, учаске басшысы мен нұсқаушыға қатысты қозғалған әкімшілік істермен расталады. Соттың шешімімен жауапкерден жолаушылардың пайдасына 100 000 теңге моральдық зиян және 200 000 теңге өкілдің көмегіне жұмсалған шығынды өндірілді. Билет құнын өндіру туралы талапты сот қанағаттандырудан бас тарту қажет деген қорытындыға келді, себебі олар билет бойынша белгіленген орынға жетті, яғни тасымалдау шартының талаптары толық орындалды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер қандай?
"Өнерден кету ойда бар": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кете ме?
Ол кездесуді сұрады: Трамп Путинпен келіссөздер өткізетінін мәлімдеді
Жетім баланы үй кезегіне қоймаған мемлекеттік орган жауапқа тартылды
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақыланады
Елдос Сметов Лондонға кетті
Мемлекеттік сатып алу: 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер болады
Румынияда метапневмовирустың алғашқы дерегі тіркелді
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Биыл тоғыз автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады