Ләйлә Сұлтанқызы қыз алып қашу жайлы қызық оқиғасын бөлісті

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қыз алып қашуға байланысты пікір білдірді. Ол 16 жасқа толғанда әкесінің Алматыға оқуға алып кеткенін және қатарластарының көбін мектеп бітіре сала алып қашқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Тележүргізуші бұл жайлы Instagram парақшасында жазды. "Енді "алып қашу" деген болмайды. Бір қызық оқиға есіме түсіп тұр. Бұрын қызы мен анасы "егер сені еркіңнен тыс алып қашса және сенен өз еркіммен келдім деген қолхат алатын болса, 3 леп белгісін қой. Ал егер шын сүйіп қосылсаң бір леп белгі қой" деп келіскен ғой. Сөйтіп, әлгі қызды аяқ астынан танымайтын жігіт алып қашып кетіп, қолхат жаздырып алады. Оны қуғыншыларға берсе, хаттың соңында үш леп белгі тұр екен. Оны көрген анасы қызын алып қайтыпты", - деді Ләйлә Сұлтанқызы. Сонымен қатар тележүргізуші өзін мектеп бітірген бойда алып қашып кетпеуі үшін әкесі Алматыға оқуға алып кеткенін де баяндап берді. "Қыз алып қашудың жазасы күшейтілетінін оқып, есіме әкем түсіп отыр. 16 жасқа толғанда жалғыз қызын алып қашып кетер деген уайыммен, мені мектеп бітірген күні Алматыға оқуға алып кетті. Сол кезде көрші-қолаңның қыздары бірінен соң бірі өз еркімен, еркінен тыс тұрмысқа шығып жатты. Сонда әкем өмірде орнын дұрыс тапсын деген уайымдаған ғой. Сол кезде алып қашу, қинап қалдыру, әженің табалдырыққа жатуы, бауырсақ шашуы сияқты әрекеттер жасайтын Сол уақытта оны қалыпты жағдай деп ойладық қой. Ол кезде де арызданушылар да болды. Оның өзін тек жүрек жұтқандар мен ұятты ысырып қойғандар ғана істеді. Қазір ешкім бұлай істемейді. Ұл да, қыз да ақылды деп ойлаймын. Қыздар "қазір ерте тұрмысқа шығып, балалы болу негізгі мақсат емес. 25 жастан кейін асықпай тұрмысқа шыққан жөн. Оқып, ел-жер көріп, дамып, жағдайымызды жасауымыз керек" дейді", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы іАлбанияны жеңді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Мұртыңды ұрайын...
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды