Желіде тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ұлы дәмханада даяшы болып жұмыс істеп жүргені туралы ақпарат тарады. Тележүргізуші бұған қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.PR саласының маманы Назым Жангазинова Алматыдағы дәмханалардың бірінде Ләйлә Сұлтанқызының тұңғышы жұмыс істеп жүргенін көрген. "Жақында таңғы ас ішу үшін кафеге кіргенмін, онда түрі таныс біреуді көрдім, сөйтсем, Ләйлә Сұлтанқызының ұлы жазғы каникулында кафеде даяшы болып жұмыс істеп жүр екен. Құрметтеймін. Ләйлә, баланы жастан еңбекпен ақша табуға үйрету керек", - деп жазған ол. Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бұған қатысты пікір білдірген. "Үлкенімнің жасы 16-да. Заң бойынша бір мезгіл жұмыс істеуіне болады. Жақында таныс қызымның кофейнясына runner болып орналасты. Шаршайтын, таңертең тұра алмайтын. 1 айдан кейін үйренді. Тапқанын жинап жүр. Менен ақша сұрауды азайтты. Аясаң, аяма деп өзімді қайрасам, шешем ерте еңбекке араласқаны өзіне жақсы деп мені "поддерживать" етіп қояды", - деп жауап қайтарған ол.