Іле өзенінде инспектор мен қорықшыны суға батырмақ болған браконьерлер 15 жылға сотталуы мүмкін

Алматы облысында электр тогымен балық аулап отырған браконьерлер қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейн инспекциясының Төменгі Іле балық инспекциясының мемлекеттік инспекторы «Майтан» ЖШС қорықшысымен бірге Іле өзенінде бірлескен рейд жүргізген. Оның барысында тыйым салынған құралды (электр тогын) қолдана отырып заңсыз балық аулау дерегі анықталды. Үш моторлы қайықта 6 адам браконьерлікпен айналысып отырған. Мемлекеттік инспектор күдіктілерді ұстауға әрекет қылып жатқанда олар қарсылық көрсетіп, инспектордың қайығын суға батыруға әрекет жасап, оқиға орнынан бой тасалап кетті. Бұл жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабында көзделген құқық бұзушылық, яғни мемлекеттік инспектор мен қорықшының қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың өміріне қол сұғу бар.Осы бапқа сәйкес жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор мен қорықшыға олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде қасақана іс-әрекеті үшін мүлкі тәркілене отырып 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сонымен қатар, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз өндіргені үшін ҚР ҚК 335-бабымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік бар. Осыған байланысты Алматы облысы Балқаш ауданының полиция бөліміне ұстау кезінде қарсылық көрсету, қызметтік міндеттерін атқару кезінде лауазымды адамдарға шабуыл жасау және заңсыз балық аулау фактілері бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін өтініш берілді. Бұл мәселе Балық шаруашылығы комитетінің бақылауына алынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Әзербайжан қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Метапневмовирус: сақтық шаралары мен алдын алу жолдары
Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% - ға өседі
2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті
Алматыда Рождество мерекесіне арналған діни рәсімдер қашан өтеді?
Өткен жылы елімізде төлқұжат рекордтық көлемде шығарылыпты
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
2025 жылы мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жетеді
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін теңгенің долларға шаққандағы бағамы қанша?
Елімізде доллар мен еуроның бағамы өзгерді
«39 шарик жұтып қойған». Көкшетауда дәрігерлер төрт жасар баланы аман алып қалды
Желіде Астананың астындағы жерасты туннелі туралы ақпарат тарады
Білім беру саласында миллиардтаған теңге жымқырылған: 40-тан аса шенеунік сот алдында жауап береді
Мақтаарал ауданының Білім бөлімінің қызметкерлері 2,4 млрд теңге жымқырған
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді
Әзербайжан қазақстандық құтқарушыларды «Ынтымақтастық үшін» төс белгісімен марапаттады
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды