Лимузин, мейрамхана, таң атқанша тойлау: ІІМ мектеп түлектеріне үндеу жасады

Лимузин, сән-салтанаты жарасқан мейрамхана, таң атқанша тойлау. Бұл - қазіргі мектеп түлектерінің үлкен өмірге алғашқы қадамы. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары мектеп бітіру кеші ұлан-асыр тойға айналды. Мерекенің масштабы жылдан-жылға өсіп барады. Оған «тәйт» дейтін ата-ана жоқ. Бүгін құзырлылар үндеу жасады. Жыл сайын мұндай ескертудің түр-түрі айтылады. Бірақ оны тыңдайтын не баласы, не үлкені жоқ. Енді не істеу керек? Аружан Задабектің сюжеті. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Оқу жылының аяқталуына небәрі 5 күн қалды. 25 мамыр – әсіресе, түлектер үшін ұмытылмас мереке. Олар бұл күнде ерекше, есте қалатындай атап өткісі-ақ келеді. Көлік жалдап, кортеж ұйымдастыруға әуес. Бірақ соңы түрлі қайғылы оқиғаға әкеп соғуы мүмкін. Бұрынғының соңғы қоңырауы осылай өтетін. Түлектердің қолында – гүл, жүректе – қимастық. Қымбат көліксіз-ақ көңіл жай. Ал, қазір ше? Қалтасы көтергендер шетел асады. Қалғаны қаланы қаз тізілген көліктің шеруімен шарлайды. Сән-салтанаты келіскен мейрамхана жалдап, жарық жұлдыздарды қонаққа шақырады. Осындай кортеждің қайғылы оқиғаға ұласапасына кім кепіл? Былтыр ғана Маңғыстауда соңғы қоңыраудың соңы апатқа ұласып, екі оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Жамбыл, Атырау облысы мен Алматыда да осыған ұқсас жағдай болған. Жастарды былай қойғанда, баласына «тәйт» деудің орнына, айқайға қиқу қосатын ата-аналарға да тоқтау болмай тұр. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Түлектердің мектеп бітіріп жатқан кезі болғаннан кейін міндетті түрде болу керек шығар деп тұрмын. Балалардан қалмасын деп жасап береміз. - 25 май, 11-сынып бітіргені үшін істеп береміз. - Ата-анасымен, билеп өткізсе де әдемі. Мамандар мұны 90-шы жылдардағы тоқырауда туған қазіргі ата-аналардың тоқшылыққа тоя алмауымен байланыстырса, енді біреулер қанымызға сіңген қасиет екенін айтады. Мерекенің болғаны жақсы ғой. Бірақ сол ерекше күні ешкімнің майып болмасына кепілдік жоқ. Гүлнұр ЕРСАЙЫНҚЫЗЫ, 8 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жылда болатын әртүрлі оқиғаларды баалалардың естеріне салып, мінекей, осындай жағдайлар болсан, сол бізде де болмасын деген нәрсені біз балаларға айтамыз. Бұл сіздердің 11 дыл оқығаннан кейінгі салтанатты, ерекше күндеріңіз. Бірақ сол күнде абай болу қажеттігі, ең бастысы оқушылардың қауіпсіздік екендігі ескертіліп айтылды. Сонымен бір баланың мектеппен қоштасуына шамамен қанша қаржы керек? Есептеп көрейік. Мейрамхана. Ата-анасымен барса 50 мың теңге, фото, видео, лимузин жалдау, кештің тамадасы, шақырылған әнші, әртістері бар – оған тағы 50 мың қосыңыз. Түлектің мерекелік киімі - 100 мыңның маңайы. Есептелмеген майда-шүйде тағы бар. Соның өзінде 200 мыңнан астық. Бір сыныпта отыз бала болса,қаражат 6 миллионнан асады. Елорданың өзінде жылына 200-дей оқушы білім ордасымен қоштасады. Осыдан-ақ 25 мамырдағы бизнестің ауқымын бағамдай беріңіз. Көзіміз әбден жетуі үшін, алдымен көлік шеруін ұйымдастыратындарға хабарластық. Мейрамханадан да орын таппадық. Қысқасы, түлектердің алдын-ала қамданғаны анық. Бірақ олар бүгінгі Ішкі істер министрлігінің үндеуінен кейін, ескертуді елеп барлығын тоқтата ма? Қызық.Шыңғыс АЛЕКЕШЕВ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: 25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады. Шетелде оқу ордасымен қоштасу дәл бұлай тойланбайды. Мәселен, Қытайда дәптер мен күнделікті қоқысқа лақытаратын дәстүр бар. Оқушылар осымен ғана шектеледі. Ал, АҚШ пен Еуропа елдерінде де даңғазалыққа жол жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: 6 адамның тірі қалғаны белгілі
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
2024 жылдың үздік спортшысы мен бапкері анықталды
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты
Қанат Бозымбаев Ақтаудағы әуе апатын тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарады
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
Ұшақ апаты: Рамзан Қадыров көңіл айтып, Ильхам Әлиев Бакуге оралады
Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
"Күн жылынады": 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 584 млн теңге жымқырған
Футбол клубтарына бөлінетін ақша 2,2 млрд теңгеге қысқарады