Бүгін, 16 қаңтарда FIFA Халықаралық футбол Федерациясы "Әлемнің үздік ойыншысы" жүлдесін табыстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды. Америкалық "Интер Майами" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси мансабында үшінші рет "2023 жылдың ең үздік футболшысы" атағын жеңіп алды. Жүлдеге Лионель Мессиден бөлек "Пари Сен-Жермен" клубының ойыншысы Килиан Мбаппе және норвегиялық Эрлинг Холанд үміткерлік еткен болатын. Ал аргентиналық футбол жұлдызының өзі аталған кеште төбе көрсетпеді. The Best FIFA Football Awards жүлдесінінің аясында "2023 жылдың ең үздің әйел футболшысы" атағын испаниялық "Барселона" құрамасының жартылай қорғаушысы Айтана Бонмати жеңді. Осыған дейін Айтана да, Месси де "Алтын доп" сыйлығын алған еді. "Үздік бапкер" атағына Хосеп Гвардиола лайықты деп танылды. Испаниялық футбол маманы "Манчестер Сити" құрамасын жаттықтырады. Команда 2023 жылғы маусымда Англия Кубогы мен УЕФА Чемпиондар Лигасын жеңіп алған еді. "Үздік қақпашы" жүлдесі Яссин Буну, Тибо Куртуа һәм Эдерсонның арасында сарапқа салынды. Бұл атаққа "Сити" футбол клубының қақпашысы Эдерсон лайықты деп танылса, "Манчестер Юнайтед" ойыншысы Мэри Эрпс әйелдер арасындағы футболдың үздік қақпашысы болды. Бұлардан бөлек "Жылдың үздік голы" жүлдесінің жеңімпазы анықталды. Бұл жүлде тағы Ференц Пушкаш атындағы сыйлық деп те аталады. Номинацияны бразилиялық жартылай қорғаушы "Ботафого-Рибейран-Прету" клубының ойыншысы Гильерме Мадруга жеңіп алды.