"Ливерпуль" басшылығы ПСЖ шабуылшысы Киллиан Мбаппемен келісімшартқа отыру әрекетінен бас тарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл ақпаратты журналист Флориан Плеттенберг өзінің x әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жариялады. Дереккөздің хабарлауынша, қазіргі уақытта француз футболшысына үлкен қызығушылық танытып отырған жалғыз еуропалық клуб - Мадридтік Реал.Естеріңізге сала кетейік, Мбаппенің Париж клубымен қазіргі келісім шарты келесі жылдың жазына дейін есептелген. Бұған дейін БАҚ-та карольдік клуб 2024 жылдың алғашқы айларында 24 жастағы футболшымен келісімшартқа отыруды қалайтыны туралы ақпарат пайда болды.Биылғы маусымда Мбаппе түрлі турнирлерде 17 матчқа қатысып, 17 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.