Ливия жағалауында кеме апатқа ұшырап, кем дегенде 61 адам қаза тапты. Kazinform бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.Халықаралық көші-қон ұйымының Ливиядағы бөлімшесі бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазған. «Ливия жағалауындағы қайғылы кеме апатынан кейін 61 мигрант, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты», - делінген хабарламада. Суға батып кеткен кеме жолаушыларының көбі Нигерия, Гамбия және Африка елдерінің азаматтары болған. Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдері аман қалғандарға медициналық көмек көрсетіп, 25 адам Триполи маңындағы сауықтыру орталығына жіберілді.