Луврда қазақ өнерінің көрмесі өтеді

Луврда қазақ өнерінің көрмесі өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді.«Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс мырзамен кездестім. Кездесуде екі мемлекет арасындағы мәдени және спорт саласындағы ынтымақтастық пен алдағы жобаларды талқыладық. Күн тәртібіндегі ең маңыздылардың бірі, әрине, 2024 жылғы Олимпиада тақырыбы болды. Қараша айында қос мемлекет басшыларының кездесуінде 2025-2026 жылдары Францияда қазақ мәдениетінің күндерін өткізу туралы шешім қабылданды. Бүгін біз Луврда қазақ өнерінің көрмесін, сондай-ақ артистеріміз бен шығармашылық ұжымдарымыздың қатысуымен Парижде ауқымды концерт өткізу мүмкіндігін талқыладық. Бұл мәдениет қайраткерлері үшін құнды тәжірибе болады деп санаймын», - деп жазды ведомство басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.Өз кезегінде Канесс Француз киноиндустриясы Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтқан. Мысалы, Францияның киномектептері біздің студенттер оқи алатын және олармен тәжірибе алатын бағдарлама әзірлеуге дайын. Ал француз кинопрокатшылары біздің кинотеатрлармен тікелей ынтымақтастық орнатуға ниет білдіруде. «Енді Францияда өтетін Олимпиадаға келетін болсақ. Елшілік қазірдің өзінде төртжылдықтың басты спорттық іс-шарасына арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатыр.Мысалы, 14 наурызда Олимпиада басталардан 500 күн бұрын Алматыда балалар арасындағы «Әлем айналасындағы эстафета» халықаралық жарысының кезеңі өтеді. Сондай-ақ, Елші Алматыда дзюдошылар мен каратэшілердің демонстрациялық қойылымдарын, паралимпиадашылардың қатысуымен өтетін іс-шараны және Париж Олимпиадасының бағдарламасына енген брейкданс бойынша турнирді ұйымдастыруға ниет білдірді. Осы орайда мәдениет, туризм және спорт саласындағы бірлескен жұмысымыз алдағы уақытта да күшейтілетінін атап өткім келеді», - деп жазды Асхат Оралов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Орбан Нетаньяхуды қауіпсіздік кепілдігімен Венгрияға шақыруды жоспарлап отыр
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жеке тұрғын үйде өрт оқиғаларының көбеюінің бірнеше себебі айтылды
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Рейсті 15 сағат кешіктірген: «Эйр Астана» тағы айыппұл арқалады
Алматыда №12 мамандандырылған гимназия ғасырлық мерейтойын атап өтті
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
ТЖМ құтқарушылары елордада жаппай рейд өткізді
Жасырын қауіп: үйдегі бұл заттарды ай сайын ауыстыру керек
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Қызылорда облысында газ желісіне қосылған ауылдар саны артты
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті