Бұл туралы ведомство брифингінде Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Ол елдегі криминогендік жағдай жайлы айтты. Бір апта ішінде 2 647 қылмыс жасалды, оның 1 645-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 8 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 25 тонау және 318 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек брифингте.