ІІМ жанжал шығарған ер мен әйелді бірдей жазалауға қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха отбасылық ұрыс-керіске «себеп болуы мүмкін» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына айыппұл салу туралы мәжілісмен Жарқынбек Амантайдың ұсынысына қатысты пікір білдірді.Оның айтуынша, ведомство тұрмыстық зорлық-зомбылықпен табанды күрес жүргізіп жатыр. «Заң жобасы аясында бар тәжірибеміз негізінде бәрін іске асыруға тырысамыз. Сіздің айтып тұрғаныңызды түсініп тұрмын, бірақ кез келген жағдайда мұны көпшілік шешеді. Біз бәріміз жұмыс тобында мұны алдымен талқыға саламыз, жұмыс тобы норманың кей тұстарын қолдауы немесе қолдамауы мүмкін. Әрі қарай палатаның салалық комитетінің отырысы өтеді. Одан кейін барып палатаға жіберіледі. Яғни қажетсізін немесе дұрыс емесін, тіпті күмәндісін алып тастауға мүмкіндік беретін көптеген кезеңнен өтуі керек. Бұл жерде (заң жобасына – авт.) енбеуі тиіс нәрселерді айтып отырмын», - деп түсіндірді Лепеха. Сонымен қатар ол тілшілердің «тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына айыппұл салу туралы бастама көтерген депутаттың ойы заңда ескеріле ме?» деген сұрағына жауап берді. «Тіпті зорлық-зомбылық құрбанына айыппұл салудың өзі – біріншісі екінші бөлігімен қиыспайды. Менің ойымша, бұған ешкім барып, қолдай қоймас», - деді Игорь Лепеха. Еске сала кетейік, бұған дейін депутат Жарқынбек Амантай Мәжілістің кулуарында берген сұхбатында жанжал шығарғаны үшін күйеуімен қоса әйелін де жазалап, қамау керек деген ұсыныс айтқан болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Астанада кезекті жайлы мектеп пайдалануға берілді
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды