Өткен аптада елімізде 2904 қылмыс жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді. Бір апта ішінде 2904 қылмыс жасалды, оның 1788-і тәулік ішінде ашылды, - дейді Шұғыла Тұрлыбек. Сондай-ақ полиция қызметкерлері бірнеше қылмысты ізін суытпай әшкерелеген. 10 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 26 тонау және 393 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - дейді ведомство өкілі.