Бүгін-ақиқық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Қазақтың лирик ақыны көзі тірі болғанда 93 жасқа толар еді. Қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақынның туған күніне орай Астанада Бәзілжан әулетінің «Сағынышқа оралу» атты кеші өтті. Ұлттық-мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған шараның мазмұны мен тағлымы ерекше. Мұқағали Мақатаев – қазақ халқының шоқтығы биік ақыны. Оның сыршыл жырлары миллиондаған оқырманның жүрегіне жол тапты. Бүгінгі кеште шараға қатысушылар оның шығармаларын оқып, өмірі туралы сыр шертті. Дәулет БӘЗІЛЖАН, АҚЫН: Мұқағалидің жырымен сусындадық. Сондықтан "Амаnат" партиясының Астана филиалы арнайы осы күнге ұйымдастырып, елге, жұртқа арғы жақтан келген біздің өнерімізді таныстырайық деп алғашқы қадамда осы бір Мұқағалидің туған күніне орайластырып, бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып жатыр. Бірі елге деген махаббат, екінші үлкен өнер адамдарына деген махаббатты сағынышты әйгілейік деп бүгінгі кештің атын "Сағынышқа оралу" деп атадық.