ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады

ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz. – Құрметті ата-аналар мен түлектер! 25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады. Соңғы жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, мектептердегі “соңғы қоңыраулар” аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке орай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында орын алды. Одан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдындарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайлары тіркелді. Осыны ескере отырып, ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жан жылуы – «Жан шуақ»
Өмір бойына соттау: есірткі бизнесіне қатысқан полицейлерге жазаны қатаңдату ұсынылды
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Абай облысында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумы өтті
«Болашағы жоқ»: Биыл елімізде 45 ауыл жойылады
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды