Наурызнаманың онкүндігі аясында Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні атап өтілді.Еліміздің мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтарына арналған кеште Әуезов ауданының «Даму Бала» шығармашылық үйірмелерінің тәрбиеленушілерінен құралған 200 жас домбырашы күй тартты. Олардың ішіндегі ең кішісі - 6 жаста. Мерекелік концерт барысынла Құрманғазының «Адай» және «Балбырауын», Ә. Желдібаеваның «Ерке сылқым», Н. Тілендиевтің «Әлқисса» және басқа да күйлері орындалды.