"Мадинаға өзіміздің қолымыз жетпей қалды"

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова Досымжан Таңатаровпен бірге облыста гастрольдік сапармен ән кешін өткізіп, алғаш рет 300 мың теңге гонорар алғанын айтты."Жақсы адамдарым" бағдарламасына келген әнші ол уақытта президент оркестрінде 20 мың теңге жалақы алғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ."Мадина өнердегі жолын менен ерте бастағанымен, бес жылдай сахнадан, телеарна мен концерттен, ел назарынан тыс қалды. Сол уақытта керісінше, мен елдің алдына шыға бастадым. Жақсылық жасадым деп айта алмаймын. Бірақ, менің облысты аралап, жеке концертім басталды. Біз сол "Ұят болмасын", "Таң қалмаңыз" "Біздің көшенің тұрғындары" бағдарламаларының жұлдызымыз, сол арқылы танылғанбыз. 2003 жылы Республика сарайында жеке кешім өтіп, содан кейін бүкіл облысты аралау басталды. Сол уақытта жалғыз шықпайсың. Әні өтетін, елге танылған, келген қонақ жақсы әсер алатын әнші ретінде "Мадина, облыста концерт беруді бастадым. Бірге барып қайтайық" деп айттым. Мадина да бірден келісе қойды. Қаншама гастрольге бірге бардық. Мәскеуде өткен наурызға бірге бардық. Бүкіл Қазақстан болмаса да, тең жартысына бірге концертке бардық. 2007 жылдары Мадинаға өзіміздің қолымыз жетпей қалды. Ол өз әнін, жолын тапты. Содан бері тілеулеспіз" , - деді Досымжан Таңатаров.Ал Мадина Сәдуақасова Досымжан Таңатаровтың бір концерт үшін 300 мың теңге гонорар төлегенін ашып айтты."Ол кезде Досымжанның "Құралай", "Аққуым" әні бар. Біз "Тараздан шал дауысты әнші келе жатыр" деп қатты күттік. Бірақ өзі 25-те. Содан бері түк өзгермеген. Досымжан гастрольдік сапарға шығып жатыр дегенді бәріміз естідік. "Досымжан кімді жанына қосып алады екен" деген кезде мен "Шіркін, маған түссе екен" деп қатты толқыдым. Досымжанның адамгершілігін, халықпен қалай жұмыс істейтінін, қарындастарына қалай қорған болатынын білемін және жарқыраған жұлдыз ғой. Сондықтан мен гастрольдік сапарға шығуды тіледім. Досымжан "Мадина, менімен гастрольдік сапарға сен шығатын болдың" деді. Тіпті қандай гонорар беретінін де сұрамаппын. Бірақ, гонорарды да үйіп-төгіп берді. Ренжіткен жоқ. Мен ондай ақшаны көрген жоқпын. Президент оркестрінде әнші болып жүрмін. Ол жерде жалақымыз - 20 мың теңге. Ал бұл кісі бір концерт үшін 300 мың теңге гонорар берді", - деді ағынан жарылған Мадина Сәдуақасова.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қанша теңгеге өсті?
Астанада 21 жастағы жігіт бауырын өлтіріп, үш туысына пышақ салды
Анашым, біз жазыламыз: Түркістан облысында газ жарылып, әкесі мен екі ұлы көз жұмды
Мидың  сау болуына не әсер етеді?
«Өмір сүру, сену, сүю»
Еліміздің 15 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қызметтік иттердің көмегімен жүзге тарта адам өліміне қатысты қылмыс ашылды
Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы мансабын аяқтайды
Тамырын кесіп, есікті кілттеп алған: Алматы облысында өзіне қол жұмсамақ болған қыз құтқарылды
Елордалық құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын алып шықты
Қысқы универсиада: Бүгін ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі
Қазақ қызы Дональд Трамптың инаугурациясына шақырту алды (ВИДЕО)
Анашым, біз жазыламыз: Түркістан облысында газ жарылып, әкесі мен екі ұлы көз жұмды
Қазақстанның 16 өңірінде ауа райы нашарлайды
Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды
Астанада 21 жастағы жігіт бауырын өлтіріп, үш туысына пышақ салды
Қазақ қызы Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне шақырылды
Қазақ қызы Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне шақырылды
Қазақ қызы Дональд Трамптың ұлықтау рәсіміне шақырылды
«Ойын ойнап жатқанда телефонын тартып алған»: Астанада ашуға булыққан жас жігіт ағасын пышақтап өлтірді
«Ойын ойнап жатқанда телефонын тартып алған»: Астанада ашуға булыққан жас жігіт туған ағасын пышақтап өлтірді
Неміс қызы Кэтрин Майер: Жүрегім қазақ деп соғады
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қанша теңгеге өсті?
Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады