Марокко астанасы Рабат қаласында өткен футболдан клубтық әлем чемпионатында Мадридтің «Реалы» жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Астана телеарнасы ҚазАқпарат сілтеме жасап. Испаниялық клуб финалда Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» командасымен күш сынасты. Мадридтіктер 13 минутта есеп ашты. Карим Бенземаның пасын Винисиус мүлтіксіз пайдаланды. Бес минуттан кейін Федерико Вальверде есепті 2:0-ге жеткізді. 26-минутта саудияық Мусса Марега жауап доп соқты. Екінші кезеңде 54-минутта Винисиустан пас алған Карим Бензема көзге түсті. 58-минутта тағы да Федерико Вальверде мергендік танытты. 63-минутта Лусиано Вьетто есепті қысқартқанымен, алты минуттан кейін Винисиус қос голдың авторы атанды. 79-минутта «»Аль-Хиляль» клубынан Лусиано Вьетто матчтың нүктесін қойды. Осылайша, 5:3 есебімен жеңіске жеткен «Реал» клубтық әлем чемпионатында үздік шықты. Бұл мадридтік клубтың түрлі додалардағы 100-інші трофейі еді. Бұл көрсеткіш жөнінен «Реал» каталониялық «Барселонадан» (98 жеңіс, 76 ұлттық чемпионат, 22 халықаралық жарыс) асып түсті.