МАЭК-те апат: бірқатар елді мекен жарықсыз қалды

Маңғыстау атом энергетика комбинатында (МАЭК) тағы апат болды, осы себепті Маңғыстау энергия торабының өнеркәсіптік тұтынушыларына электр қуатын жеткізу күн сайын шектеледі.«2023 жылдың 11 тамызында Астана уақытымен сағат 14:20-да МАЭК ЖЭО-2 нысанында екі турбоагрегат сөндірілді. Бұл тұтынушылардың тоқтан ажыратуға себеп болды –Атырау энергия торабында 45 МВт-қа, Маңғыстау энергия торабында 98 МВт-қа», деп хабарлады Kegoc. Автоматиканың қалыпты жұмысы желі мен инфрақұрылым нысандарына келтірілетін ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді. Бірінші санаттағы тұтынушылардың, өмірлік маңызды нысандардың, соның ішінде ауруханалардың жұмысына залал келтірілген жоқ, деп хабарлады компаниядағылар. Кейінірек сағат 16:30-да жаңа апат тіркелді – МАЭК ЖЭС-тегі үшінші блок сөндіріліп, жүктеме 147 МВт-қа төмендеді. Бұл Атырау энергия торабында электр қуатын тұтынуды 55 МВт-қа және Маңғыстау энергия торабында 35 МВт-қа шектеуге әкелді. Апаттың салдары ГТЭС Қаламқас пен ГТЭС-200 Орал станцияларының жұмысында ақаулар туындауына себеп болды. Сағат 16:58-де Атырау және Маңғыстау энергия тораптарының жұмысы қалпына келтірілді. 2023 жылғы 12 тамыздағы сағат 01:00-дегі жағдай бойынша Маңғыстау энергетика торабында 108,5 МВт-қа жуық өнеркәсіптік тұтынушы шектелген. МАЭК ЖЭО-ның 3-ші блогында апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін желінің шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін Маңғыстау энергия торабының өнеркәсіптік тұтынушыларын күнделікті шектеу қажет болады. Бұл ретте тұрғындардың және әлеуметтік маңызы бар нысандардың қажеттіліктері бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар». Желіде полиция бастығының аудиосы тарағаны рас па?
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қарағандыдағы Үлкен Бұқпа өзені қалай тазартылып жатыр
Алматыда 11 нотариустың лицензиясы тоқтатылды
ШҚО-да 700-ден астам адамды ит қапқан (ВИДЕО)
“2 жылға бас бостандығын шектеу“. Жанна Оразбақоваға қатысты қылмыстық іс қандай бап бойынша қаралып жатыр?
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар». Желіде полиция бастығының аудиосы тарағаны рас па?
Құрманғазыда жаңадан екі көпір салынады – Атырау облысы
Қыста тері проблемасы болмас үшін қандай дене бөлігін жуу қажет?
Қарағандыдағы Үлкен Бұқпа өзені қалай тазартылып жатыр
Солтүстік Қазақстанда жұмысшылардың жалақысынан заңсыз ақша ұсталған
Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды
Ашқарынға жеміс-жидек жеуге бола ма? Дәрігер жауабы
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды