Отандық танымал әнші Динара Әлжан Болат Назарбаевтың қазасына қатысты пікір білдіріп, оның жақындарына қайғыра көңіл айтты, Динара Әлжан белгілі кәсіпкер Болат Назарбаевқа Instagram парақшасында жазба арнаған. Қаралы хабар әншіге ауыр тиген. Ол Болат Назарбаев өзіне көп жақсылық жасағанын айтты. "Осы жағдайды естіп, көңілім құлазып отыр. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп. Бәрі де өткен іс. Алдынан жарылқасын, жаны жәннәттә болсын", - деп жазды ол. Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан дүниеден озды. Ақпаратты экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай растаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.