Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжат қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асады. Ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады.Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» даярлау бағытына — 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» — 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» — 469 грант, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға» — 461 грант бөлінген. Болашақ магистранттардың құжатын қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі. Естеріңізге сала кетсек, 2-8 желтоқсан аралығында кешенді тестілеу өтіп жатыр. Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.