Мағынасыз әндерін "жетістік" санайтын әншілер көбейді

Қыздар на рахате, балдар на рахате! Осындай ессіз әнге елігетіндер көбейді. Тыңдарманнан талғам кеткен бе, әлде әнге сөз жазатындардың шалалығы ма?Әріптесім Дәрібек Бахытбек тараптарды тыңдап көрді. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Брат трәпкі берші мына жерді сүртіп жіберейін. Иә осы секілді бүгін естісең, ертең ұмытып қалатын әндер көбейді. "Әу демейтін қазақ жоқ" деген сөзді әркім әрқалай түсініп жүрген секілді. Сондықтан болар саны көп, сапасы аз әндер көбейіп барады. Осы секілді мағынасыз әндер қаптап кетті. Жастар сөзін жылдам жаттап алады, қосыла шырқайды. Әншілерге де керегі осы. Әрбір әніміз хитке айналса деп жеңіл сөзге жазылған ән іздейтін көрінеді. Тіпті ақындарға солай тапсырыс береді. Салмақты, ұйқасы келіскен, ой салар мағыналы дүниелерге сұраныс жоқтың қасы екен. Әскербек ОРАЗБАЙ, ЖАС АҚЫН: Мынау енді заманның ағысына қарай дейді ғо. Қазіргі жас әншілер хит дейтін сөзге мән береді. Сол хабарласады. Аға бір жеңіл сөздер жазып береңіз. Хит болса дейді. Бірақ, енді жазып көресін аса бір ғұмырлы болмайды. Расында мағынасыз әндердің ғұмыры ұзақ болмайды. Бүгін бәрі жарыса айтқанымен ертесіне ел ұмытып қалады. Ессіз әндерге қатысты қоғамның пікірі екіге жарылды. БЛИЦ: - Соңғы 2-3 жылда шығарылған музыкалар өте жақсы. Маған ұнайды. Көбіне саясат, жастардың тақырыбын қозғайды. - Қазіргі замандағы әндер былайша айтқанда білмеймін енді. Әркімнің көңіліне келеді ғой. Қазіргі әндер мәні мағынасы жоқ ғой. - Мағынасы жоқ ән – ән бе? Ән емес қой. Жай ғана сөздер жиынтығы. Музыкатанушылар да сапасыз әндердің көбейгенін жасырмайды. Өкініштісі, ондай әндерге тыйым салатын заң жоқ. Сондықтан әр әнші бүгінін емес ертеңі үшін қызмет еткені дұрыс дейді. Сания БАЖЕНЕЕВА, МУЗЫКАТАНУШЫ: Белгілі бір әндердің немесе сөздердің түбіне үнілу мақсат болып тұрған жоқ. Егер біз мәні жоғалып бара жатыр деген әндер десек. Оған менінше қазіргі кезде музыканы шығарып жатқан сөздерді шығарып жатқан адамдарға жаба беруге болмайды. Себебі тыңдармандар бұл әнді өздері таңдайды. Жаңа ән шықты деп жабыла жарнамалап, тыңдаудың қажеті жоқ. Әрбіріміздің өз талғамымыз жоғары болуы керек. Сонда ғана ессіз әндерге елігетіндер азаяр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?