Махаббат жасқа қарамайды: өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққан жұлдыздар кім?

Бүгінде елімізде көптеген отандық әнші отау құрып, балалы болуда. Әдетте менталитетімізге сай әйелдің ер адамнан жасы кіші болғаны құпталады. Бірақ кейбір қазақстандық жұлдыздар бұл стереотиптен арылуды жөн көрген. KAZ.NUR.KZ тілшісі махаббат жасқа қарамайтынын дәлелдеп, таңдауы өзінен жасы кіші жігітке түскен отандық жұлдыздарды назарға ұсынады. Мадина Сәдуақасова Әнші Мадина Сәдуақасованың өзінен 7 жас кіші Олжас Смағұловпен отбасын құрғанына шамамен 10 жыл болып қалды. Бүгінде олар Әнуар есімді ұлды тәрбиелеп отыр. Гүлбаһрам Байбосынова Театр және кино актрисасы Гүлбаһрам Байбосынова өзінен 10 жас кіші актер Қазбек Төленге тұрмысқа шыққан. Қазбек пен Гүлбахрам некесін 1 қарашада қиған. Ал ұзату тойынан кейін 13 қарашада екі жастың үйлену тойы да өткен. Гүлбаһрам Байбосынова өзінен жасы кіші жігітке ұзатылғаннан кейін ел арасындағы қаңқу сөзге жауап берген болатын. Ол жұбайы екеуін ортақ бақыты ғана қызықтыратынын алға тартты. Жанель Макажан Отандық киноактриса Жанель Макажанның екінші күйеуі Абай Асылханұлы 26 жаста. Актриса күйеуінен 8 жасқа үлкен болғанымен, оның сөзінше, олар бақытты өмір сүруде. Сондай-ақ бұған дейін актриса аяғы ауыр екенін айтып, жұбайына тосынсый жасаған болатын. Әсел Сәдуақасова Әсел Сәдуақасова күйеуінен 10 жасқа үлкен. Бірақ өзінің сөзінше, жас жұбайы — көптен іздеген адамы. Қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова 38 жаста, ал оның күйеуі Мағжан Тілеухан 28-де. Сондай-ақ актрисаның сөзінше, ол сүйіктісін таныстары мен достарының көмегімен кездестірген. Жұмыс сапарлары кезінде сырттай тек жақсы сөздерді естіп жүріп, кейін бірге қосылған. Баян НұрмышеваБаян Нұрмышева да өзінен үш жас кіші жігітпен көңіл қосқан. Оның таңдаулысы қазақстандық әнші Ерлан Орынбасаровқа түсті. Ерке Есмахан мен Раймбек БақтыгереевЖас айырмашылығына қарамастан, махаббатымен көпшілікті сүйсіндірген жұптардың бірі Ерке Есмахан мен Раймбек Бақтыгереев. Екеуінің жас айырмашылығы 12 жыл. Ерке Есмахан жұбайы екеуінің қарым-қатынасы 2018 жылы басталғанын айтты. Олар жақында мұсылманша некесін қидырған. Өнер иесі жұбайынан мәһрге не сұрағанын жасырмай айтып берді.  Кәмшат ЖолдыбаеваКешYOU тобының бұрынғы солисі Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі өзінен бес жасқа кіші. Өнер иесі актер Ғазрет Ержановпен кездесіп жүргені белгілі болған. Ерлі-зайыпты "Рауза" атты отандық телехикаясында бірге рөл сомдап, тіпті бірнеше ашық сценаларға да түскен.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты