Мәһр сұраған дұрыс па?

Елімізде соңғы кезде бір үрдіс белең алып барады. Ол – мешітте некесін қидырған жас қалыңдықтың қомақты маһр сұрауы. Ал жастар бұны желіде трендке айналдырған. Көрпесіне қарап көсілуді білмейтін қыздар көлік, пәтер, тіпті аспандағы ұшақты сұраудан да тайсалмайтын көрінеді. Толығырақ тілшіміз Арайлым Қанатқызы айтады. Бейнероликке пікір білдіргендердің дені- ерлер. Қыздардың дүниеқұмарлығы көп адамға ұнамай жатыр. Бірақ, өздері де мәһр сұрауға қарсы емес. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Мүмкін шетелге баруды сұраймын. - Ер адамдарға если маһр болса ма, машина ғой сол. - Ақша сұрайтын едім, 3-5 миллион - Шетелге қыдырып қайтайық дейтін едім. - Машина сұрайтын едім. Тoyota ғой. Араб тілінен аударғанда «неке сыйы» деген мағынаны білдіретін мәһр Ислам елдерінде кең етек жайған. Қалыңдық не сұраса, күйеу жігіт соны орындауы міндет. Бірақ, мұны біздің қыздар тым әсірелеп жіберіп жатқан секілді. Барлығына топырақ шашпаймыз. Орта жастағы әйелдердің пікірі мүлдем басқаша. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Маһрге алтын цепочка. - Алтын білезік. - Менде только жүзік алып берген. - Сырға сұрағанмын, алтын сырға. Желіде әйел күйеуі қайтыс болған соң 4 ай 10 күн уақыт көлемінде сол алған маһрін сатып күн көре алатын құнына сый сұрау керек деген ақпарат тарады. Имамдар бұл нақты емес дейді. Жалпы маһрдің ең жоғарғы мөлшері белгіленбегенмен, ең төменгі көлемі бар. Ол 10 дирхамға тең, яғни шамамен 100 мың теңге. Бауыржан ӘБДУӘЛІ, ҚМДБ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:  Маһр қыздың сыйақысы болғандықтан, оған ер кісі беретіні сөзсіз. Демек бұл жерде жігіттің жалпы материалдық жағдайына қарау керек. Маһр сыйақысын беру міндетті. Тіпті оны бермесе ол мойнына қарыз болып қалады. Пайғамбарымыздың хадисі бар «қыздың ең қайырлысы - маһрі аз болғаны» Осы реттен келгенде маһр қыз баланы қиындықта қалдырмау үшін туындаған талап деп түсінуге болады. Сондықтан оның мүмкіндіктерін орнымен әрі тиімді пайдаланған жөн дейді имам. Ал этнографтардың айтуынша, кейбіреулер мәһр бермек түгілі тойдың өзін қарызға белшеден батып, әрең жасайды. Соны ескеріп, екі жақ өзара келіссе де болады дейді. Тәттігүл ҚАРТАЕВА, ЭТНОГРАФ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Құдалардың екі ортасында «қалыңмал», «кәде-кәумет», «киіт» жүргендіктен кейін неке қию процесінде қазақтардың молдасы күйеу жігіттен қызға арнап «маһр» сұрамаған. Ал жаугершілік замандарда жастар тек батамен бас қосқан. Молданың екі жасты отырғызып қойып «Сен маһріне не сұрайсың?» деп қалыңдықтың «маған пәлен сыйлық берсін» деуі бұл «қазақтың дәстүрлі этикетіне» жат және де оның тәрбиелік мәні жоқ деп ойлаймын. Қалай болғанда да, қалыңдық сұрағанның жөні осы екен деп отбасына салмақ салатын дүниені айтқаны дұрыс емес. Жастар отбасы сыйластық пен түсіністіктен және сенімнен құрылатынын ұмытпаса дейді мамандар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АЛМАТЫДА ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Президент Қаратал ауданындағы қорғаныс істері бөлімінің жұмысымен танысты
«Дикий Арманға» сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
«Шұбар» қосалқы станциясындағы жағдай: жедел бригадалар жұмыс істеп жатыр
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі ашылды
Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Кабель желісін ұрлап кеткен: астаналықтар жарықсыз отыр
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
«Ақылды болма»: Қарағандының әкімі желідегі пікірі үшін жазаланды
Бухарест қаласындағы олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды
«Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» жарық көрді