Мәжіліс Бюджет кодексінің жобасын мақұлдады

Енді ауқымды шаруаларға қазына қаржысы жылдам бөлінеді. Бүгін мәжілісте жаңа Бюджет кодексі талқыланды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоспарлаудың өзі 9-10 айға созылады. Кеш бөлінген қаржыны игеріп үлгеру де мүмкін емес. Жаңа кодексте бұл процесстің бәрі екі есе қысқарған. Енді жұмысты дұрыс үйлестіре алмаған басшылар жауапқа тартылады. Толығырақ, әріптесім Ақбота Базарбай жалғастырады.Ел бюджеті жоспарға сай емес жұмсалуда. Өткен жылы Үкімет бюджетке 8 рет түзету енгізген. Кодекс бойынша атқарушы билік бекітілген бюджеттің 10 процентін өзгерте алады. Енді оны министрлер 15 процентке ұлғайтпақ. Оның үстіне парламентте қаржыны нақтылау шегін бір реттен арттырмау керек деп ұсынып отыр. Бұл ақылға сыймайды дейді Мәжіліс депутаты. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бюджеттік өтінімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселесі шешілмеген. Бюджетті қарағанда депутаттар бюджеттік өтінімді, мемлекеттік органның жалпы қажеттілігін және олардың бастапқыда не сұрағанын көрмейді. Біз депутаттар үшін ақпараттық жүйені ашық етуді және онда тек Қаржы министрлігінің шектеулерінде қолдау тапқан шығындарды ғана емес, сонымен бірге бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жалпы қажеттілігін көрсетуді ұсындық. Өңірлерге бюджет қаржысы 3 жыл сайын әзірленетін даму жоспарына сәйкес қана бөлінеді. Жаңа бюджет кодексінде аудан және ауылдық әкімдіктердің де дербес бюджетіне түсетін қаржыны көбейту қаралған. Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: Олар, біріншіден, бұл бюджеттік процестерді жеңілдету, екіншіден, блоктық бюджеттің элементтерін енгізу, үшіншіден, мемлекеттік қаржыны шоғырландырылған басқару үшін заңнамалық негіз құру, төртіншіден, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бесіншіден, нәтижеге бағытталған бюджет қағидаттарын күшейту және нәтижелерді басқару құралдарын жетілдіру. Сондай-ақ ведомство басшысы нысаналы даму трансферттері тек аса маңызды инфрақұрылымды және республикалық маңызы бар жобаларды қаржыландыруға бағытталатынын атап өтті. Бюджет кодексінің жаңа редакциясына сәйкес келтіру үшін барлығы 26 заңға түзету мен өзгерту енгізіледі. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл заң жобасы биыл біз қарап отырған заң жобаларының ішіндегі ең негізгілерінің бірі деп мен ойлаймын. Себебі, өзекті, қоғамдағы ең ірі мәселелердің барлығы осы бюджет кодексінде өзінің шешімін табады. Заң жобасы бірінші оқылымда қаралып, мақұлданды. Дегенмен, депутаттар тарапынан сын да, ұсыныс та болды. Олар екінші оқылымға дейін жұмыс тобында қаралады. Демек, әлі де өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады