Мәжіліс депутаттары Ақтөбе облысында еңбек ұжымдарымен кездесті

Мәжіліс депутаттары Жұлдыз Сүлейменова мен Қазыбек Әлішев Ақтөбедегі еңбек ұжымдарымен кездесті. "AMANAT" фракциясының мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасында алға қойылған міндеттердің орындалуымен танысты. «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» 1991 жылы ашылған. Өндіріс орны жоғарғы наубайханалық сұрыпты ұн және макарон өнімдерінің 15 түрін шығарады. Жылына 140 мың тонна астық өндеуге мүмкіндігі бар. Биыл 500 млн теңге инвестиция тартылып, қосымша жұмыс орындары ашылды, кәсіпорын жаңғыртудан өтті. Қазір мұнда екі жүз елуден астам адам еңбек етеді. Халық қалаулылары ұжым мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Талғат НАИМБЕКОВ, «ЖАҢА-ӘЛЖАН ДИІРМЕН КОМБИНАТЫ» ЖШС БАС Мы старамся каждый год... Біз жыл сайын өндірісте жаңғырту шараларын жүргізіп отырамыз. Өндіріс орны ескі болғандықтан көп қаражатты талап етеді. Мына робот өткен жылы Германиядан әкелінді. Бұл екі-үш адамның жұмысын өзі атқарады. Өте ыңғайлы әрі тез. Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Астықты өндіріп сыртқа сатқан кезде кейбір жерде экспорттық шектеулер болады. Сол шектеулерді алып тастау мәселесі немесе нақты критерийді қарастыру мәселесі. Өйткені келісімшартта мұның бәрін қарастыру мүмкін емес дейді. Жалпы экспорттық шектеулерді заңмен тыйым салу соның бәрін реттеуге қатысты ойлар айтылды. Енді алдағы уақытта оны заң жобасы аясында қарастыратын боламыз. Ал Жамбыл облысында жүрген депутаттар Меркідегі мектеп құрылысымен танысты. Ойтал ауылындағы білім ошағының жанынан салынып жатқан нысан 200 орынға лайықталған. Оның іргетасын қалау кезінде бірқатар қиындықтар туындаған көрінеді. Елдімекен сазды әрі сулы жерде орналасқандықтан іргетастың дұрыс құйылмау қаупі болған. Дегенмен жауаптылар мәселенің шешімін тапты. Қазіргі мектепте мыңға жуық бала үш ауысыммен оқып жатыр. Пән кабинеттері жетіспейді. Енді қосымша нысан пайдалануға берілсе, бұл проблемалар шешіледі. Гүлдара НҰРЫМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: "АМАNАТ" партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша осы 5 жылда елімізде 1 млн 200 оқу орны беріледі. Соның ішінде осы мектепте осы құрылыста кірді. Енді осы құрылыс аяқталғанға дейін "АМАNАТ" партиясының бақылауында болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
«Тамаша» туралы тамаша тарту
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды