Мәжіліс депутаты Максим Рожин Алматының алғашқы серік қаласы «Gate сity» жобасымен танысты. «Gate City» -мегаполис агломерациясын дамыту шеңберінде салынып жатқан тұрғын үй кешені мен индустриялық аймағы бар ірі іскерлік және қаржы орталығы. Бүгінде үйлердің тең жартысы қолданысқа берілген. Мамандардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай мұнда 90 мың адам тұрады. Мәжілісмендер қалааралық қоғамдық көлік байланысын жақсартуды тапсырып, бірқатар ұсыныстарын айтты. Максим РОЖИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Бағдарламалар пакетін үлкейтсек деген ұсыныс. Жұртшылыққа бұл баспана қолжетімді болу керек. Бұл баспананы соққанымен, ол жерге адамдар кіре алмай тұрса, бұл қаншалықты тиімді? Мемлекет тарапынан қазір екі бағдарлама жұмыс істейді. Мен ойлаймын, осы бағдарламаларға қоса, қандай да бір тағы пакеттер қосылу керек сияқты. Сондай-ақ мәжіліс депутаттары Ақтөбедегі «Айс плюс» компаниясына барып, сүт өнімдерінің өндірісімен танысты. Аталған сүт компаниясы 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір зауытта балмұздақ, сүт өнімдері және ашытылған сүт өнімдерін шығаратын 3 цех бар. Мұнда тәулігіне 70 тоннаға дейін сүт өңдейді.Қазыбек ӘЛІШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Бұларда жақсы гоштин тұқымды қашарлар бар. Сол қашарларды сату мәселесі туындап отыр. Біздің елімізде оңтүстік өңірлерден осыларға сұраныс өте жоғары. Алайда ветеринариялық жағдайға қатысты шектеу қойылған. Осы мәселелелрді шешу үшін мына солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесіне сәйкес, өңірлерде сүт тауар фермаларды дамыту мәселеіне 100 млрд ақша бөлінді. Сол қаражат аясында жаңадан құрылатын сүт тауар фермаларға осы «Айс плюс» фермасының қашарларын сату ұсынылды.