Мәжіліс депутаттары БҚО-дағы су басқан ауылдарды аралады

Батыс Қазақстан облысының бес ауданында төтенше жағдай жарияланып, мыңдаған адам эвакуациялық бекетті паналап отыр. Ал суға кеткен төрт түлік мал мен дүние-мүліктің есебі жоқ. Тірнектеп жиған-тергенінен бір түнде айрылып, қамыққан халықпен Мәжіліс депутаттары кездесті. Су басқан үйлерді қайықпен аралап, ахуалмен танысты. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Қазір біз Аңқаты ауылындамыз. Ауылмен байланыс үзілген, судың ағыны күшейгеннен кейін асфальтты жыруға тура келіпті. Бірақ одан кейін ауылдықтар бірігіп, мынадай шағын көпір салған. Осы жалғызаяқ жолмен ауылға қажеттінің бәрі тасылып жатыр. Тұрғындарға азық-түлік, малға жем-шөп. Баспанасы суға кеткен 55 үйдің тұрғыны қазір ауыл мектебінің интернатында. Енді ес жиған аңқатылықтар ажалдан аман қалғанына шүкір десіп отыр. Мәншүк ЕСҚАЛИЕВА, АҢҚАТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Түнде жатқан кезде келсе, бір семья қырылып қаламыз. Үлкен қызым бес баласымен менің қасымда жүр. Тағы бір жиенім бар еді үйде, немерелерім бар еді. Соның бәрі әйтеуір аман шыққанымызға қуандым. Біз дым документ алған жоқпыз. Тек қана кошелекте тұрған паспорттарымызды қолымызға ұстап, осылай атып шықтық киіммен. Қалай тұрдық - солай. Аяғымызға әуелі галош кидік су келгенде, сосын резеңке етік киіп алдық. Болды! Жүсіп ҒАЛИ, АҢҚАТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ірі қара, бұзаулар енді қалқып кетті жасыратыны жоқ. Қойдан, ұсақ малдан шығын бар. Қошақандарымыз тұншықты. Көмек қолын созған елдің адамдары, одан кейін жаңағы құтқарушылар келіп жатыр. Оның бер жағында жер-жерден көмек келіп жатыр тұрған жерімізге. Қазақ халқының бірлігі бар екен әлі де. Судың беті қайтқасын, тұрғындар қорадағы малын түгендеуге кірісті. Ал депутаттар бүлінген үйлерді қайықпен аралап шықты. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Мына иттердің иесінен айрылғанына бірнеше күннің жүзі болған. Осы қораның төбесінде тұр екен. Қазір құтқарушылар қайыққа әкеліп жатыр. Енді осыны қазір құрғақ жерге шығарамыз. Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Комиссия болары болып, бояуы сіңгеннен кейін ғана тексеруге келеді. Ал судың бәрі кепкеннен кейін, үйдің қабырғалары аз-кем болсын, құрғағаннан кейін бұл жерде картина мүлдем басқаша болады. Сондықтан фото-видеофиксация жасап, келтірілген шығынды қалпына келтіру мүмкін бе жоқ па, соның барлығын қазір фото-видеофиксация арқылы, тиісті хаттама арқылы қазір түрту керек, бекітіп алу керек. Соның негізінде ертең, барлығы аяқталғаннан кейін шешім қабылдайтын кезде соның барлығы ескерілуі керек деп санаймын, азаматтар! Қазір облыста 400-ден астам үй суға кетіп, 4 мыңға тарта адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың жартысына жуығы - балалар. Тасқын қаупі күшейгесін, эвакуациялық бекеттердің қатары көбейтілді. Ал судың беті қайтқасын, арнайы комиссия шығынды есептейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
Жол жабылып, рейстер тоқтатылуы мүмкін: Астанада қалың қар жауып, боран соғады
Қарағандыда жеке клиникаға ота жасатуға барған ер адам көз жұмды
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдарда шектеулер енгізілді
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды
Астанада 1 200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Қостанайда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова салмақ тастау әдісімен бөлісті (ВИДЕО)
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова артық салмақтан қалай құтылған (ВИДЕО)
«Пікірімді ешкім сұраған жоқ»: Черчесов отставка туралы айтты
Ресейде Қазақстанның 9 азаматы ірі жол апатына түсіп, екеуі қаза тапты
Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Астанада 1200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Бурабайда 2024 жылы демалған туристер саны бір миллионнан асады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістандық жол сақшылары жүргізушілерді мұқият болуға шақырды
Астанада он алтыншы «жайлы мектеп» ашылды (ВИДЕО)