Елдімекендерде сапалы медициналық көмек қолжетімсіз. Сапасын былай қойғанда, уақытылы ем алудың өзі қиын. Мәжіліс депутаттары медицина саласындағы проблемаларды талқылады. Алдағы уақытта өтетін Үкімет сағатында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің кем-кетігі жан-жақты қаралмақ. Депутаттар еліміздегі барлық медицина ұйымдарын аралап, проблемалармен танысып жатыр. Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Халық пен өңірлерде кездесуде ең бірінші қойылатын сұрақтар- осы медицина саласындағы көңілді көншітпейтіндігі. Яғни, азаматтарымыздың көп жағдайда сапалы медициналық көмекті дер кезінде қабылдауда әлде де қолжетімділік мәселесінде сұрақтар көтерілуде. Егер ота жасататын болса, сол шалғайдағы ауылдағы болсын, өңірлерде болсын, Астанаға квота іздеп сондай жолдарын қарастырады. Бұл нені көрсетеді? Жергілікті жерде бізде сапалы медициналық көмекке әлде де қол жетімділік аз.