Мәжіліс депутаттары Теміртау тұрғындарының түтінге тұншығып өмір сүріп жатқанына таң қалды

«Теміртау Қазақстандағы ең лас қала. Тұрғындардың мұнда қалай күн көріп отырғаны таң қалдырады». Бүгін шаһарға іс сапармен барып түтінге тұншыққан Парламент Мәжілісінің депутаттары өз әсерлерімен осылай бөлісті. Бір топ халық қалаулылары мен экология министрлігінің өкілдері «АрселорМитталТеміртауға» тиесілі металлургиялық комбинатты аралап, экология, энергетика және өндірістік қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Зауытта жаңа салынған электрофильтр өшіп тұр. Ал қыс бойы жыр болған жылу электр орталығының мұржасы құбырға қосылмаған. Жылу энергия өндіруші кәсіпорындарының тозығы жеткен. Күні кеше коксты газ жанып ауаға шамадан тыс қою қара түтін тараған. Оның иісі бүгін бүкіл қалада сезіліп тұр. Қағаз бетіндегі цифрлармен ғана танысып көрген депутаттар бүгін бәрін көзбен көрді.Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Біз келген уақытта сол өздерінің жаңадан салынған электрофильтрді өшіріп тастаған. Айтуларынша ол жақсы жұмыс істейді дейді. Бірақ біздің күмәніміз бар, ол шын мәнінде жақсы жұмыс істеп тұрса жұмыс барысында көрсетулері керек еді. Зауытта зиянды қалдықтарды сүзетін фильтрдің жоқтығын тұрғындар жылдар бойы айтып келеді. Жалпы ауаға 231 мың тонна зиянды қалдық тарайды, оның 87 пайызы Арселор Миттал Теміртауға тиесілі. Соған қарамастан экология заңнамасын өрескел бұзуда. Құқық қорғау органдары компанияға 5 млрд теңгеден астам айыппұл салған. Жуырда заңсыз жұмыс істеген күл жинағыштың жұмысы сот арқылы тоқтатылды. Депутаттар осы қалдықты қайта өңдеп, жол құрылысына пайдалануды ұсынып отыр. Әлима СЫЗДЫҚОВА, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қара түтін, керемт түтін болады. Үйге кіріп келгенде форточканы ашсаң терезенің алды серый күл сияқты болып тұрады. Ауасы өте нашар. Үкіметке айтарымыз соны бір қарастырса халықты ойлап.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Көктайғақтан Қарағанды-Астана бағытында 700-тен астам көлік жолда тұрып қалды
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды