Шымкентте жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 293 қылмыс ашылып, 33 мың 602 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына 11 мың 211 бейнебақылау камерасы біріктірілген. Көше қиылыстары мен тұрғын үйлердің аулаларына орнатылған камералардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін автоматты түрде тіркеуде көп көмегі тиіп тұр. Алайда олқылықтар да жоқ емес деді орталық жұмысымен танысқан Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы. Біршама сын-пікірлер айтып, проблемаларды жүйелі шешу бойынша ұсыныстар айтты. Әсіресе, мопедтер мен электр скутерлерінің жол қозғалысына тигізіп жатқан зардаптарын алға тартып, осы бағытта шараларды күшейтуді тапсырды. Болатбек НАЖМЕТДИНҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Заңды біз қолдап береміз, қарап береміз. Бірақ астында сол заңның орындалуы сапалы орындалуы ол үкіметтің, үкіметің ішіндегі ішкі істер министрлігінің жұмысы. Сондықтан мен ойлаймын осы мәселе бойынша қайттан біз ревизия жасауымыз керек. Өйткені сол кісілердің жаңағы скутердің қатысуымен көп жол апаттары болып жатыр. Осыған қатты көңіл аудару керек деп ойлаймын.