Мәжіліс депутаты сынып жетекшілерінің орнына арнайы маман алуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев мектептерде сынып жетекшілерінің орнына арнайы маман алуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәжілісте әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен қорғау мәселелеріне арналған жиын өтіп жатыр. Осы шарада сөз алған депутат Нартай Сәрсенғалиев педофилдер туралы ресми статистика мәліметтерін келтірді. «2019 жылғы ресми статистикаға қарасақ, Қазақстандағы құқық қорғаушылардың есебінде адам зорлаған 2800 қылмыскер, бала зорлаған 1350 педофил тұрған. 2021 жылы Қазақстандағы колонияларда 1861 педофил жазасын өтеп жатқан. Сол жылы қамау орындарындағы 50 педофилдің бостандыққа шыққаны туралы ақпарат тарады», - деді ол. Мәжіліс депутаты балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін қабылдануға тиіс жүйелі шараларды ұсынды. «Балаларды зорлағандар кім деген сұрақ туындайды. Педофилдікке кім барады деген сұрақтың жауабын қарасақ, бала зорлағандардың 77 пайызы өз әкелері, өгей әкелері, көршілері немесе сол үйдің туысқандары деген ақпарат алып отырмыз. Бұған қарсы қандай шара қабылдау керек дегенге келсек, кешегі депутаттық сауалда да айттық. Оның ішінде мектептегі сынып жетекшісі деген қызметтің орнына арнайы маман алу, мектеп психологтерін көбейту, әлеуметтік педагог дейтін мәселені реттеу туралы ұсыныстар бар», - деді Нартай Сәрсенғалиев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Бұл масқара". UFC Асу Алмабаевтың әрекетін сынға алды
Жезқазғанда «Таза Like» акциясы басталды
Димаш Құдайбергеннің шоуы Лондонда өтеді
Қарағандының белгілі ұстазы рамазан айында дүниеден өтті
Данияр Елеусінов UFC президентімен келісімшарт жасасты
Павлодар қаласында жарты күн жарық болмайды
Трамп Тегеранға қандай хат жолдады: талап әлде татулық?
Оралда көктемгі тасқын: ТЖМ мәлімдеме жасады
Алматы қаласы мәслихаты шешімін мемлекеттік тіркеу туралы АҚПАРАТ  
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан екі бала көз жұмды
«Болашақ күйеуіңізге қандай талап қоясыз?». Сабина Алтынбекова көптің көкейіндегі сауалға жауап берді
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Қостанай облысында 174 ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды
Испания БҰҰ-ның бұрынғы басшысын жемқорлық ісі бойынша қамауға алды
Тұман, көктайғақ: 14 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қостанай облысында боранды түнде 170-тен аса ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды
Ленин кинотеатры Қарағанды облысының Жастар үйіне беріледі
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан екі бала көз жұмды
Жезқазғанда «Таза Like» акциясы басталды
Өлексе сатқанша өлгені жақсы еді: Астанада алаяқ кәсіпкер ұсталды
Егескен екеу ел бола ма?.. Зеленский Путиннің пайымына түсініктеме берді
Астана мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алматыға 1,7 млн турист келді
Қарағандыда шалбарын шешіп, оқушыларды аңдып жүрген адам психикалық орталыққа тапсырылды