Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы қалай өтеді?

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы биыл жаңа форматта өтеді. Бұрынғыдай депутаттар тек партия атынан сайланбайды. Конституциядағы жаңа өзгерістерге байланысты Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлау аралас жүйесі арқылы өтеді. Толығырақ әріптесім, Ақбота Базарбай түсіндіріп береді.Мәжіліс сайлауында депутаттардың 70 проценті партиялық тізіммен пропорцианалды жүйемен, ал 30 проценті мажоритарлы жүйе арқылы 1 мандатты округтардан сайланады. Мәжілісте 98 депутат болады. 69 депутат партиялық тізім арқылы, 29 депутат 29 аймақтан сайланатын болады. Яғни, мажоритарлық жүйемен. Ал мажоритарлық жүйе деген не? Индира РЫСТИНА, САЯСАТТАНУШЫ: Мажоритарлық жүйе дегеніміз, әр аймақ, яғни әр округ сайлауға барған кезде 1 кандидатты таңдайды да, сол округтан 1 ғана үміткер жеңіске жетіп, сол жеңіске жеткен үміткер Мәжіліс депутаты болады. +Мажоритарлық жүйе дегеніміз осы. Яғни, біз жеке дара азаматтарды үміткер ретінде таңдап, оларға дауыс беріп, сол үміткерлер жеңіске жеткен кезде депутаттық мандатты иеленетін болады. Ал 1 мандаттық округ бойынша сайлау қалай жүреді? 13 облыстан 13 депутат шығады. Ал халық тығыз орналасқан облыстар мен қалалардан 2 немесе 3 депутат сайланады. Алматы қаласы мен Түркістан облысында халық саны тығыз шоғырланғандықтан 3 округқа бөлініп, 3 депутат сайланады. Ал Астана, Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстары 2 округқа бөлініп, әр округтан бір-бір депутаттан 2 депутат сайланады. Ал партиялық тізім дегеніміз дауыс беру нәтижесіне қарай мандаттардың саны сәйкесінше пропорцианалды түрде бөлінетін болады. Бір ерекшелік - барлық партиялар мандаттарды бөлуге қатыса алмайды. Ол үшін партия 5 проценттік межеден өту керек. Яғни, сайлаудың нәтижесі бойынша дауыс саны 5 проценттен асуы керек. Бақыт БЕКТЕМІСОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бізде арнайы сервистар қосылды. Халық өздері іздеп учаскелерін тауып алып жатыр. Бірақ науқан қарқынды емес. Бізде бірыңғай кол орталық бар. Ол 109 қысқаша номеріне телефон шалса, сол орталықтың қызметкерлері халыққа көмектеседі. Өзінің ЖСН-нін айтса болды, сол бойынша сайлау учаскесін тауып алуға, айтуға дайын. Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Республикалық маңызы бар , яғни, Алматы, Астана және Шымкент қаласының тұрғындары үшін 4 бюллетень болады. 2 бюллетень Мәжіліс депутаттарын сайлау үшін. Біреуі - партиялық тізіммен, біреуі - мажоритарлық жүйемен. Тағы 2 бюллетень бұл Республикалық маңызы бар қаланың Мәслихаттарын сайлау үшін. Біреуі - партиялық тізіммен, біреуі- мажоритарлық жүйемен. Ал қалған барлық облыстар, қалалар мен ауыл тұрғындары үшін 5- бюллетень болады. Бұл жаңағы 4 бюллетеньге қосымша тағы аудандық мәслихаттың немесе қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау үшін тек қана мажоритарлық жүйемен азаматтардың аты-жөні жазылған бюллетень болады. Шетелдегі Қазақстандықтардың дауыс беруі үшін жағдай жасалған. 78 сайлау учаскесі құрылды. Оқып жатқандар, жұмыс істеп жатқандар, іс-сапармен немесе қыдырып барған азаматтар 19 наурыз күні өз таңдауын жасай алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ғани Қайназаров ҚФФ-да жаңа қызметке тағайындалды
Қарағандыда автобус өртенді
“Абориген емеспіз“. Фостерге қарсы шыққан Жаңбыршин өзін сынағандарға жауап берді
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Алматы қалалық ландшафтты жаңартуда: қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды
108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері атанды
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Алматылық сарапшы Жаңа жыл қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтануға болатынын айтты
Талғардағы қайғылы оқиға: "боттар шабуылы" жалған болып шықты