Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов отбасындағы зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер не себепті арыздарынан бас тартатынын айтты.Конференция «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: тиімді және тұрақты бірлескен шешімдерді іздеу» тақырыбына арналған. Бұған дейін Мәжіліс төрағасы тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті криминизациялау қарастырылып отырғанын айтқан болатын. Тек заңнамалық шаралар жеткіліксіз екенін бәріміз түсінеміз. Бізге бүкіл қоғамның көзқарасын жан-жақты қайта бағалау қажет. Бізде әлі де тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа төзімділік жоғары деңгейде екенін мойындаймыз. Мысалы, социологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, зорлық-зомбылық құрбандары жиі татуласуға келіседі, - дейді ол. Қошановтың айтуынша, құрбандар бірнеше себептер бойынша да өз арыздарын қайтарып алады: туыстары мен достарының сөзінен қорқу; агрессордан қорқу; жазалау шараларын жеткіліксіз деп санау. Бұл ең алдымен шығыс әйелдеріне тән. Сондықтан бүгінде кез келген құқық бұзушылыққа, әсіресе зорлық-зомбылыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыратын кез келді. Ұйымдастырушылық және үйлестіру шараларын қабылдау қажет, - дейді ол.